Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Медеу» кешені жаңғыртылып, жаңа спорт об...

Алматыда «Медеу» кешені жаңғыртылып, жаңа спорт объектілері мен театрлар құрылысы жүргізілуде

Барлығы 22.10.2025, 15:53 403
Алматыда «Медеу» кешені жаңғыртылып, жаңа спорт объектілері мен театрлар құрылысы жүргізілуде
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов мәдениет және спорт саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы хабарлады.

Әкім орынбасарының айтуынша, Алматыда мәдениет саласының үш ірі нысанын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында «Райымбек батыр» мемориалдық кешені де жаңартылмақ, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Бұл жұмыс мемориалды қаланың және елдің рухани, тарихи және мәдени өмірінде стратегиялық маңызы бар қазіргі заманғы мәдени-тарихи және ағартушылық орталыққа айналдыру мақсатында жүргізілуде. Жөндеу аяқталған соң мемориал қоғамдық және рухани шаралар өткізуге арналған ашық әрі функционалды алаңға айналады», - деді Бейбіт Шаханов.

Биыл наурыз айында Н.Сац атындағы театрдың кешенді жаңартылуы басталды. Қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы инженерлік шешімдер енгізіліп, сонымен қатар ғимараттың тарихи келбеті сақталады. Жаңа ғимарат 226 заманауи көрермен орнына ие болып, театрдың сыйымдылығын айтарлықтай арттырады.

Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының жаңартылу жобасы аяқталуға жақын. Жұмыстардың аяқталуы 2026 жылдың басына жоспарланған. Жаңартылған кеңістік ұлттық әдебиетті дамыту мен мәдени бірегейлікті нығайтуға бағытталған әдеби, ағартушылық және баспа бастамаларына арналған алаңға айналады.

Қосымша үш жаңа мәдени нысанның – Жастар театрының, Цирк пен Зообақтың жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жастар театрының құрылысын 2026 жылдың наурыз айында бастау жоспарлануда.

Бейбіт Шахановтың айтуынша, Алматы дәстүрлі түрде елдің спорт кадрларын дайындайтын орталық саналады, сондықтан спорттық инфрақұрылымды дамыту басым бағыттардың бірі.

«Биыл Наурызбай және Түрксіб аудандарында олимпиадалық бассейндері бар екі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы тағы төрт спорт кешенінің құрылысы Саялы, Ақжар, Қарасу және Шұғыла шағынаудандарында басталады», - деді ол.

35 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жаңа стадионның UEFA-ның 4-санат талаптарына толықтай сай болатыны да айтылды.

Бұдан бөлек, биыл Алматының символына айналған «Медеу» спорт кешенін жаңарту жұмыстары басталды. Жаңарту жұмыстары екі жылға есептелген. Жаңғыртудан кейін «Медеу» халықаралық деңгейдегі спорттық-туристік орталық мәртебесін сақтап, келушілер үшін одан әрі тартымды бола түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу кешені #театр құрылысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі