AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 46 медициналық нысан салынып, жаңғыртылуд...

Алматыда 46 медициналық нысан салынып, жаңғыртылуда: 2030 жылға дейін медицина әр тұрғынға жақындай түседі

Барлығы 22.10.2025, 15:57 440 dulatbekova
Алматыда 46 медициналық нысан салынып, жаңғыртылуда: 2030 жылға дейін медицина әр тұрғынға жақындай түседі
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының әр ауданында тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, алматылықтардың денсаулығын қорғау – қала әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта 2030 жылға дейін мегаполисте 32 жаңа және 14 ескі медициналық нысанды жаңғыртуды қамтитын 46 денсаулық сақтау мекемесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Барлық жаңа нысандар заманауи стандарттарға сай салынып, клиникалық-диагностикалық орталықтармен жабдықталады. Бұл медициналық қызметтердің әр тұрғынға қадамдық қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Қазірдің өзінде қалада 8 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында:
- ауысымына 500 адам қабылдайтын 2 емхана – Серкебаев көшесінде және Құрамыс шағынауданында;

- ауысымына 400 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулатория – Саялы шағынауданында және Айбасов көшесінде;

- жылына 50 мың шақыртуға есептелген жедел жәрдем қосалқы станциясы (4-подстанция).

Сонымен қатар, үш нысанда сейсмикалық күшейту және қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр — №16 емхана мен №4 және №7 қалалық клиникалық ауруханаларда. Оларды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Келесі жылы тағы 30 нысанның құрылысы басталады. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
 2026 жылға арналған жоспар:
I тоқсанда – «Алатау» қалалық емханасын қайта жаңарту, №2 перзентхана мен Думан шағынауданындағы емхананың құрылысы;

II тоқсанда – 6 ірі жобаны бастау, соның ішінде 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана, Балалар жедел медициналық жәрдем орталығы, №2 Балалар клиникалық ауруханасы, онкоорталық және 200 төсекке арналған перинаталдық орталық;

III тоқсанда – қалған 20 нысанның құрылысын бастау.

Бағдарлама нәтижесінде Алматыда заманауи, ыңғайлы әрі теңгерімді ауруханалар мен емханалар жүйесі қалыптасады. Бұл өз кезегінде медициналық көмекті барлық тұрғындарға қолжетімді әрі жайлы етеді.

«Біздің мақсат – әр тұрғын өз үйінің жанында сапалы медициналық көмек ала алатындай жағдай жасау. Барлық жобалар қолайлылық пен заманауи қызмет көрсетуге бағытталған», - деді қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медициналық нысан #ауқымды жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика