AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік...

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Барлығы 22.10.2025, 16:06 550 dulatbekova
Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда.

Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан” құру және жауапты азаматтық қоғамды дамыту бастамалары жүзеге асып жатқан кезеңде оқуын бастауда. Осы орайда, қабылдау кештер «Таза Казақстан», азаматтық жауапкершілік, «мәдени ұлт» идеологемалар аясында ұйымдастырылуда, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кезекті «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты іс-шарасын Халықаралық білім корпорациясы (ҚазБСҚА) Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізді. Биылғы (ҚазБСҚА қабылдау кеші «Back to the Future 45» тақырыбымен өтті. Бұл тақырып студенттердің болашаққа деген көзқарасын, кәсіби жетістіктерге, шығармашылық пен инновацияларға бағытталған 45 жылдық даму жолын бейнелейді.  Қабылдау кеш аясында,“Таза Қазақстан” ұлттық жобасын қолдау мақсатында “Эко-старт первокурсника” акциясы өткізілді. Бұл акция арнауды тек мереке емес, тәрбиелік және экологиялық сана қалыптастыру үдерісінің бір бөлігіне айналдырды. Сонымен қатар, кештің негізгі бағыты «толық адам» тұжырымы болды. Ол кәсібилікті, азаматтық белсенділікті және экологиялық жауапкершілікті үйлестіре білген жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.  

 - «Бүгін сіздер өмірлеріңіздің жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басып отырсыздар. Сіздер Алматы  қаласының белсенді студенттік қауымдастығының бір бөлігіне айналдыңыздар. Қала әкімдігі әрдайым жастармен бірге болып, олардың бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын», – деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Қабылдау кешіне 4000-нан астам бірінші курс студенттері, оқытушылар, түлектер мен қонақтар, соның ішінде Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, академия түлектері, жұмыс берушілер, серіктестер мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 210 мыңнан астам студент білім алуда.. Студенттер қатарына қабылдау кеші – қала студенттерін біріктіретін, қаладағы әр жоғарғы оқу орнында өтетін жыл сайынғы ірі оқиға. Мұнда көңілді мерекеден бөлек, тәрбие мен құндылықтар алдыңғы орынға қойылады. Жыл сайын бұндай шаралар жаңа оқу маусымының бастамасы әрі студенттер бойында мақтаныш сезімін, бірлік пен болашақ Қазақстанды құру миссиясын қалыптастырады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #студенттер күні #қатарға қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);