AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Бір көке отырып алған". Ринат Зайыт сауда министр...

"Бір көке отырып алған". Ринат Зайыт сауда министріне делдалдармен күрес туралы сұрақ қойды

Әлеумет 22.10.2025, 12:15 614 Сұлу
"Бір көке отырып алған". Ринат Зайыт сауда министріне делдалдармен күрес туралы сұрақ қойды
Коллаж Аqshamnews.kz

Депутат Ринат Зайыт сауда министрі Арман Шаққалиевтен делдалдармен күрес туралы сұрады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Депутаттың айтуынша, нарықтағы бағаны "бір көке" қойып отыр.

"Өз цитатаңыздан бастайын. "Баға мен сұрыпталуды бақылау нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың қажеттіліктерін өтеуге мүмкін береді". Өте дұрыс. Атам қазақ ет қымбаттады дегенде "баланың қызығын тапқан көрсін, малдың қызығын баққан көрсін" деген. Осы ауыл шаруашылығындағы малшылар рахаттанып қалды деп ойладық. Барсақ, ауылдағы ет бағасы қымбаттамаған. Сол баяғы жартас, бір жартас. Тапсырма оррныдалып жатқан жоқ. Делдалдар жүгіріп жүр. Базардағы 5-6 мың ет, ауылда ары кетсе 3 мың теңге. Базарға апарып сатайын десе, "бір көке" отырып алған. Таңғы 4-те апарып үлгерсең өткіздің, үлгермесең бітті. Бағаны қоятын сол. Жәрмеңкеге әкелейін десе, өткендегі жәрмеңкеде өздеріңіз куә болдыңыз. Қанша шаруа "әкімдік орнымызды сатып жіберді" деп шағымданды. Экспортқа шығарайын десе, не жүнін, не терісін шығара алмайды. Етке де лимит қойылған", - деді депутат. 

Осы орайда Ринайт Зайыт делдалдармен күресі қалай жүзеге асады және экспорт лимитін қаншаға өсіре аласыздар деген сұрақ қойды. 

"Жұмысты жүйелі түрде ай сайын, апта сайын жүргізіп жатырмыз. Сегіз айда 10 мыңнан аса талдау жасадық. Негізі мұндай деректер (делдал - еск.) бар. Біз 700-ден дерекке қатысты әкімшілік іс қозғадық. Саудада делдал болатынын білесіздер. Ет 3 мыңнан басталады, бірақ оған басқа да шығындар қосылады", - деп жауап берді сауда министрі Арман Абайұлы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #делдар #Ринат Зайыт #Мәжіліс #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика