AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Джеки Чан жаңа фильміне қазақстандық режиссерді та...

Джеки Чан жаңа фильміне қазақстандық режиссерді таңдады

Мәдениет 22.10.2025, 12:52 744
Джеки Чан жаңа фильміне қазақстандық режиссерді таңдады
Сурет: El.kz

Атақты актер әрі продюсер Джеки Чан «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері ретінде Қазақстаннан шыққан режиссер Роберт Кунді таңдады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Роберт Кун - әлемдік деңгейдегі экшн-сахналардың қоюшысы. Ол бұған дейін Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox секілді жетекші кинокомпаниялармен жұмыс істеген. Оның қатысуымен түсірілген жобалар қатарында «Особо опасен», «Он -  дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» сияқты фильмдер бар.

Salem Entertainment компаниясының мәліметінше, «Доспехи Бога: Ультиматум» картинасының түсірілім жұмыстары 2026 жылдың көктемінде басталады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде Джеки Чанның Алматыда жүргенін жарыса жазған болатын. Желі қолданушылары оның елімізге келу мақсатына түрлі жорамал айтқан: бірі футбол матчын көруге келді десе, енді бірі Димаш Құдайбергенмен кездесуге келген болар деп болжады.

Алайда кейін белгілі болғандай, актер Алматыға алдағы фильміне локация қарау үшін арнайы келген. Яғни, «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмі Қазақстанда, нақтырақ айтқанда Алматыда түсірілуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джеки Чан #режиссер #Таңдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58

Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Бүгін 14:10

Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді

Бүгін 12:24

Дархан Сатыбалды полиорталықтарды дамыту жобасын пысықтауды тапсырды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);