Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қолөнер көштен қалмайды

Қолөнер көштен қалмайды

Әлеумет 21.05.2025, 13:18 621
Қолөнер көштен қалмайды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы – Қазақстандағы қолданбалы өнердің мәдени брендіне айналды

 

Алматылық қолөнершілер халықаралық аренаға шықты. Былтыр қалаға «Әлем қолөнершілерінің қаласы» деген мәртебе берілгеннен кейін, қазақстандық шеберлерді ТМД елдерінен бөлек, Еуропа мен Азия елдері де мойындай бастады. Олардың қолынан шыққан бұйымдар бүгінде қазақ мәдениетінің көрінісі ретінде қабылданып, олар өткізетін жәрмеңкелер – туристерді тартатын, экономиканы алға сүйрейтін күшке айналып барады. Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қолөнершілер палатасының вице-президенті Дәмелі Жанашева мәлімдеді.

2024 жылдың соңына таман Алматы Қолөнер жөніндегі Әлемдік кеңестің (WCC) шешімімен қолөнер мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары бағыты бойынша Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді. Бұл жаңалық қазақстандық шеберлердің жұмысына жаңа серпін беріп, алматылық өнімге шетелдік нарықта сұранысты арттырды.

Алматылық қолөнершілер өз өнімдерін әлемдік жәрмеңкелерде ұсынуға мүмкіндік алды. Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелер мен фестивальдерге тұрақты қатысып жүргені де көпшіліктің назарын аударуда. Былтыр Алматыда 1300-ге жуық қолөнер шебері қатысқан 17 жәрмеңке өткізілген.

2014 жылдан бері жұмыс істейтін Қолөнер жөніндегі Әлемдік кеңеске бүгінде дүниежүзінің 60 қаласы кіреді. Бұл жүйеге Қазақстан алғаш рет Тараз қаласының киіз өңдеу саласындағы тәжірибесінің арқасында қосылған болатын.

Алматы болса халқымыздың ұлттық және мәдени кодын ұлықтайтын – қолөнер мен қазақтың ұлттық аспаптары бағытын таңдады.

2024 жылдың тамыз айында Кувейт, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан өкілдерінен құралған WCC халықаралық комиссиясы Алматыға арнайы сапармен келді. Үш күн бойы олар зергерлік шеберханалар мен музыкалық аспаптар жасайтын студиялардың жұмысымен танысып, бұйымдардың сапасы мен табиғи шикізатты қолдану тәсілдеріне ерекше назар аударған. Сапардың қорытындысы бойынша жеке және жалпы есеп дайындалып, 2024 жылдың қарашасында Алматыға ресми түрде World Craft City мәртебесі берілді. Осылайша, қала әлемдік қолөнер картасында өз орнын алды. Бұл мәртебе Алматының туристік және мәдени тартымдылығын арттырып, шеберлердің туындыларына деген ішкі және сыртқы сұранысты күшейтті.

«Қазақстандық қолөнердің халықаралық деңгейде мойындалуы – шеберлеріміздің бұйымдарын ұлттық брендке айналдыруға жол ашты. Басқа елдерде жәрмеңкелер көбіне кәдесый өнімдерін сату үшін ұйымдастырылса, Алматыда қолдан жасалған киім, аяқ киім, бас киім, ыдыс-аяқ, музыкалық аспаптар мен сәндік бұйымдардың алуан түрі бар», – деді Дәмелі Жанашева.

Қазір айына екі рет өтетін Алматы жәрмеңкесіне келушілер саны артып келеді. Әр жәрмеңкеге орта есеппен 80–100 шебер қатысады, ал бір жылда бұл көрсеткіш 1300-ден асады. Алматы қолөнершілер палатасы жас шеберлерге қолдау көрсетіп, профильдік колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне жәрмеңкеге қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ маркетинг, әлеуметтік желілерде алға жылжу және бизнесті жүргізу бойынша кеңес береді. Өз ісін енді бастаған ерекше шеберлерге жәрмеңкеге тегін орын ұсыну да – осы палата жұмысының бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қолөнер #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15

Ирандағы "қышқыл жауын" Қазақстанға жетуі мүмкін бе? Мамандар түсіндірді

Бүгін 09:00

Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды

Бүгін 08:41

-33 градус: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:37

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі