Екібастұз кенішінде жұмысшы тоққа түсіп көз жұмды

  • 15:36, 24 қараша 2025
Екібастұз кенішінде жұмысшы тоққа түсіп көз жұмды aqshamnews.kz

Екібастұз кенішінде жұмысшы тоққа түсіп көз жұмды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға "Богатырь көмір" ЖШС-де болған. 31 жастағы электр слесарін тоқ соғып, ол оқиға орында көз жұмған. 

Департамент өкілдері жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастырып жатыр. Соның нәтижелері бойынша мән-жайы мен себебі анықталады.

"Богатырь көмір" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Компания қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:20

17:09

16:50

16:38

16:27

16:12

16:01

15:46

15:33

15:20

15:08

15:03

14:53

14:32

14:23

14:09

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01