Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Шығармашылықта кездесейік»: ата-аналарға арналған...

«Шығармашылықта кездесейік»: ата-аналарға арналған арт-практикум өтті

Барлығы 24.11.2025, 12:50 383
«Шығармашылықта кездесейік»: ата-аналарға арналған арт-практикум өтті
Дана Болатқызы

Алматы қаласындағы №224 мектепте ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ерекше іс-шара өтті. Жиынға мектеп әкімшілігі, педагогтер мен ата-аналар қатысты.

Арт-практикумның негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара серіктестікті нығайту, отбасылық қарым-қатынасты жақсарту және эмоционалдық денсаулықты қолдау. Сондай-ақ ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру, өзін-өзі тану мен күйзелісті басқару әдістерін меңгерту көзделді.

– Арт-практикум шығармашылық іс-шарасына ата-аналар кеңесінің мүшелері қатысып отыр. Мектебіміз жаңадан ашылғандықтан, оқушыларымыз, ұстаздарымыз бен ата-аналарамызды бір-бірімен жақынырақ таныстыру мақсатында бас қосып отырмыз. Болашақта бәріміз біріге отырып, мектептің мәртебесін көтеру бағытында жұмыс істейміз. Басты міндет «Ұстаз – оқушы – ата-ана үштігін» құру, – деді мектеп директоры Райза Ахметова. 

Шара бағдарламасы үш негізгі бағытты қамтыды. Психологиялық тренингте мектептің психолог мамандары ата-аналарға көңіл күйді басқару, ішкі күйді реттеу және өзара түсіністікке жету жолдарын түсіндіріп, тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар жүргізді. Тренинг барысында қатысушылар түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылап, баламен сөйлесудің жаңа тәсілдерін меңгерді.
ART терапия бағытында кәсіби мамандар арт-терапия әдістерін қолдана отырып, шығармашылық арқылы ішкі сезімдерді бейнелеу мүмкіндігін қолдана алды. Ата-аналар бояу, коллаж, символдық сурет салу секілді тәсілдермен өз көңіл күйін еркін жеткізді.

Іс-шара соңында мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің дайындаған өнері көрермен назарына ұсынылды. Концерт ата-аналардың көңіл-күйін көтеріп, жиында жылы атмосфера орнатты.

Арт-практикумға қатысқан ата-ана Лаура Жанатқызы жүргізілген форматтың өте маңызды екенін атап өтті. Айтуынша, мұндай шығармашылық жаттығулар олардың өз сезімдерін түсініп, балаларының эмоционалдық дамуын қолдауға мүмкіндік береді. Ал тренингте үйренген жаттығулары отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталғанын жасырмады. 
– Бұл мектепте қыздарым білім алады. Іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Балаға біліммен қатар тәрбиені де беру аса маңызды. Арт-практикум – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін, бір-бірін түсінуге және қолдауға бағытталған маңызды бастама, – деді ата-ана. 

Аталған білім ордасы бұл жобасы арқылы ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттырып, отбасылық құндылықтардың маңызын ұғындырды әрі білім беру процесіне жақсы жағынан әсер ететінін көрсетті. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі