Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетпек

  • 15:18, 24 қараша 2025
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетпек Сурет: Almaty-akshamy.kz

ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осы аптада қызметінен кетеді. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа бас хатшының кандидатурасы қаралады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат ҰҚШҰ-ның ресми Telegram-арнасына пайда болды. 

"ҰҚШҰ сессиясында, 2026–2029 жылдарға арналған үш жылдық кезеңге ҰҚШҰ бас хатшысының кандидатурасын қарау жоспарланған. Сонымен қатар, 2026 жылы ұйымдағы Ресей Федерациясының алдағы төрағалығының басымдықтары жарияланады деп күтіледі", – делінген хабарламада.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) – бұл аймақтық халықаралық ұйым, бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық түрде қорғау мақсатында құрылған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ құрамына Армения (2024 жылдан бастап қатысуы "тоқтатылған"), Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері басқарып келеді. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қарашасында Ереванда қабылданған ҰҚШҰ шешімімен тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:10

22:15

20:23

17:51

17:35

17:20

17:03

16:42

16:08

15:40

15:13

14:10

12:05

11:04

10:43

10:04

17:38

17:19

17:00

16:48

16:29

16:10

15:58

15:39

15:18