Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Аязды Астанадан аптап ыстыққа: қазақстандық ару аф...

Аязды Астанадан аптап ыстыққа: қазақстандық ару африкалық балаларға қалай сабақ беріп жүр?

Білім және ғылым 24.11.2025, 11:16 784
Аязды Астанадан аптап ыстыққа: қазақстандық ару африкалық балаларға қалай сабақ беріп жүр?
сурет: кейіпкердің жеке архивінен

Қытымыр қатал қысы бар Астанада өскен қыздың топ етіп Африка даласына қоныс аударуын елестете алар ма едіңіз? 23 жастағы елорда тұрғыны Данель Берсебаева Франциядағы магистрін Сенегалдағы волонтерлік қызметімен қатар алып жүр. Аqshamnews.kz тілшісі ақ адал арманының артынан ерген арудан Африканың аптап ыстығында жергілікті мектеп оқушыларына қалай сабақ беріп жүргенін сұрап білді. 

Астанадан Африкаға дейінгі жол

Данель Берсебаева Астанада дүниеге келіп, сонда өскен. Бала күнінен білімге құштар болған ару 18 жасында Оңтүстік Францияға оқуға түсіп, француз тілінде "Психология" мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдады. Оқу барысында Бельгияда бір семестр студенттік алмасу бағдарламасымен білім алып, кейін Марсель қаласына магистратураға түседі.

Африкаға дейін ол Франциядағы Airbus аэрокосмостық компаниясының штаб-пәтерінде, HR департаментінде жұмыс істеген. Тұрақты жұмысы, Еуропадағы жайлы өміріне қарамастан ол өзге құрлықтағы өмірге қызығушылығын ысырып тастай алмағанын жеткізді. 

"Мен африкалық мәдениетке бұрыннан қызығамын: Нигерия, Конго, Камерун, Оңтүстік Африка өнерпаздарының концерттеріне жиі баратынмын. Афрофестивальдерге қатысатынмын. Әр қалада жүріп түрлі би стилін үйрендім. Бір кездері осы ортаны сырттай ұнату аздық етіп, бұл континентке турист емес, нақты миссиямен барғым келді", – дейді ол.

Данель өзі үшін ең негізгі құндылық - білім алу, жаңа дүниені байқап көру екенін атап өтті. 

"Мен қайда жүрсем де білімім мен бірнеше тіл білгенімнің арқасы деп білемін. Сол үшін де Африкаға апаратын жолдың міндетті түрде білімге қатысты болғанын қаладым", – деп түсіндіреді ол.

Сенегалдағы жаңа өмір

Данель Батыс Африкадағы Сенегал елінің астанасына (Дакар - еск.) университеттік алмасу бағдарламасымен көшіп барды.  Бағдарлама шарты бойынша бір ай университетте оқып, семестрдің қалған бөлігінде волонтерлік қызмет атқарады.

"Мен қазір бастауыш мектепте сабақ беремін. Сонымен қатар, өңірлерді аралап, мектептерге кеңсе тауарларын таратуға көмектесемін. Ассоциацияға демеушілер табу, құжаттармен жұмыс істеу де күнделікті шаруамның бір бөлігі", – дейді ол.

Данельдің Дакардағы күні ерте басталады. Таңғы 9-дан бастап 7–10 жастағы балаларға математика, француз грамматикасы, география және ағылшыннан сабақ береді. Сондай-ақ, әр сағат сайын басқа сыныптарға кіреді.

Ең қызығы, ол күн сайын "динамикалық үзіліс" жасап, балалармен жергілікті хиттерге билеп, сергіту сәттерін жиі жасайды. Түстен кейін не әріптестерімен тамақтанады, не жағажайға барып демалып, кейде жеке шаруаларын бітіреді.

"Далаға шықсаң, моншаға кіргендей боласың"

Данель Африкадағы адаптация кезеңі қалай өткенін әңгімелеп берді. Ол оған ең қиынға соққаны Африкалық климатқа үйренісу екенін айтты.

"Сыртқа шықсаң, ыстық моншаға кіргендей боласың. Мен оның үстіне ең ыстық маусымда келдім: жаңбыр да көп жауады, маса көп. Французша еркін сөйлегендіктен, тіл жағынан қиындық болмады. Сенегалдық акцентке де үйреніп қалдым. Алайда ауа райына бастапқыда үйренісе алмадым", – дейді ол.

Десе де, ол сенегалдық бүлдіршіндердің білімге деген құштарлығы тәнті еткенін айтты. 

"Олар - өмірге құштар, өте көңілді балалар. Тапсырмаларға жауап беріп, тақтаға шыққанды жақсы көреді. Мұғалімге көмектесуге, қызмет етуге, құрмет көрсетуге дайын тұрады. Иерархияны қатты бағалайды: танысқанда міндетті түрде қолыңызды алып амандасады, қыздар “сәлем беру” сияқты ишара жасайды", – дейді ол.

Данельді не нәрсе қатты таңғалдырды?

Қазақстандық аруды ауа райынан басқа таңғалдырған тұстар да аз емес. 

"Кейбір ер адамдар көп әйел алу туралы өте ашық түрде айтады. Бірақ ақыр аяғында өздері бір әйелдің өзіне "әрең шыдайтындарын" айтып күледі. Тағы бір таңғалдырғаны – бастауыш мектепте мұғалімдер балаларды белдікпен ұруы. Мұны олар “тәрбие” деп қабылдайды", – дейді ол.

Оның байқауынша, Сенегалда ер адамдар әйелдерге қарағанда анағұрлым сабырлы, ұяңдау. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Сенегалдың ұқсастығын да атап берді:

  • екі елде де отбасы, қонақ күту дәстүрі, үлкенді құрметтеу өте маңызды;

  • ортақ дастарқан, бір табақтан тамақтану мәдениеті бар;

  • адамдар қауымдасып, бір-біріне сүйеніп өмір сүреді.

Әлем сен ойлағаннан да қызық: қазақстандық жастарға үндеу

Сұхбат соңында Данель қазақстандық жастарға ерекше тілегін жеткізді:

"Әлем сен ойлағаннан да қызық, мейірімді және қауіпсіз. Басқаларға қарап, трендтерге ермей, өз ішкі дауысыңды тыңда. Сенің армандарың міндетті түрде “керемет” болуға немесе көпшілікке ұнауға тиісті емес. Ең бақытты адамдар қашан да өз жолын өзі таңдайтындар. Тіпті сол жолды сырт көз түсінбесе де мейлі. Егер жүрегің сені басқа елге, басқа кәсіпке, басқа өмірге шақырса қорықпай қадам жасап көр", – деп аяқтайды әңгімесін Данель.

суреттер: кейіпкердің жеке мұрағатынан 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Данель Берсебаева #Африка #астана #білім #мотивация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі