Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстандықтар ЖИ-ді әдетте не үшін қолданады? Зе...

Қазақстандықтар ЖИ-ді әдетте не үшін қолданады? Зерттеу қорытындысы жарияланды

Мұны білген жөн 24.11.2025, 11:27 357
Қазақстандықтар ЖИ-ді әдетте не үшін қолданады? Зерттеу қорытындысы жарияланды
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстандықтардың 51,1 пайызы, ChatGPT, Google Gemini, Midjourney және басқа да жасанды интеллект қосымшаларын қолданады. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) 2025 жылғы әлеуметтанулық сауалнамасында көрсетілген. Зерттеу нәтижелері ЖИ білім алу мен өзін-өзі дамыту құралына айналғанын байқатады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Сауалнамаға сәйкес, ЖИ-ді ең белсенді қолданатындар - жастар.

  • 18-29 жас арасындағы респонденттердің 76,2%-ы жасанды интеллект сервистерін пайдаланады.

  • 30-45 жаста бұл көрсеткіш 57,1%-ға төмендеген.

  • 46-60 жас тобында - 37,5%,

  • 61 жастан асқандар арасында небәрі 16,6%.

Жастар ЖИ-ді көбіне:

  • оқу үрдісіне және өзін-өзі дамыту үшін,

  • мәтіндермен жұмыс істеу үшін қолданады.

Орта жастағы қазақстандықтардың негізгі сұранысы да осы бағыттарға жақын: білім алу, кәсіби және мәтіндік тапсырмаларды жеңілдету.

Ал 61 жастан асқан азаматтар үшін ЖИ басым түрде ақпарат іздеу құралына айналған: бұл топтың 40,8%-ы жасанды интеллект сервистерін ең алдымен қарапайым іздеу жүйесі ретінде қолданатынын айтқан.

Әйелдер ерлерге қарағанда цифрлық сервистерді жиі қолданады. Зерттеу гендерлік айырмашылықтың да бар екенін көрсетеді:
  • Әйелдердің 54,6%-ы,

  • Ерлердің 46,6%-ы ЖИ сервистерін қолданатынын айтқан.

ЖИ - жаңа қалыпты өмірдің бөлігі 

ЖИ-ді қолдану ауқымы кеңейген сайын, ол қазақстандықтардың күнделікті өміріне де еніп жатыр:

  • студенттер үшін емтиханға дайындалатын, жобалар жасайтын көмекші,

  • жас мамандар үшін мәтін жазатын, идея ұсынатын «әріптес»,

  • аға буын үшін ақпаратты тез табатын ыңғайлы құрал.

Сарапшылардың пайымдауынша, алдағы жылдары ЖИ-дің рөлі тек күшейе түседі, сондықтан цифрлық сауаттылық пен білім деңгейін көтеру елдің дамуындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып қала бермек.

Сауалнама ҚСЗИ тапсырысымен биыл 3 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізілді. Оған 8000 адам қатысқан. Зерттеуге 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала - Астана, Алматы және Шымкенттің 18 жастан асқан тұрғындары қатысты.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ChatGPT #Сауалнама #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі