конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Шахановқа бердім". Қалдыбек Құрманәлі марқұм Зама...

"Шахановқа бердім". Қалдыбек Құрманәлі марқұм Заманбек Нұрқаділовтің құпия құжаттары туралы ашып айтты

Мәдениет 24.11.2025, 12:33 592 Сұлу
"Шахановқа бердім". Қалдыбек Құрманәлі марқұм Заманбек Нұрқаділовтің құпия құжаттары туралы ашып айтты
voxpopuli

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі саясаткер әрі қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке қатысты көпшілікті алаңдатқан маңызды деректі бөлісті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап. 

Ол бұл туралы Qazaq Aıran арнасына берген сұхбатында айтып берді. 

Құрманәлінің айтуынша, Нұрқаділов өмірінің соңғы кезеңінде өзіне қауіп төнуі мүмкін екенін алдын ала сезіп жүрген.

"Зәкеңнің құпия құжаттары туралы жиі айтылады. Ол кісі расымен де қандай да бір қатердің барын сезген сияқты. Сол уақыттарда бірнеше адамға өзі хат жазды. Сол хаттардың бірін Мұхтар Шаханов ағамызға апарып берген едім. Мұхаң хатты өз қолымен оқыды, бірақ ішінде не жазылғанын маған айтпады", – дейді композитор.

Оның сөзінше, хаттарда аса маңызды материалдарға қатысты тек кіріспе мәліметтер ғана көрсетілген, ал негізгі құжаттар Нұрқаділовтің шетелге жасаған сапарларының бірінде сыртқа шығарылған болуы мүмкін.

"Шетелге барған кезде сол құжаттарды жәшікке салып кеткен сияқты. Бірақ ол қандай құпия – нақты білмеймін. Әйтеуір үлкен дүние болғаны анық. Себебі дәл солардан кейін ол кісіге қастандық жасалды ғой", – деп түйіндеді Қалдыбек Құрманәлі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қалдыбек Құрманәлі #Заманбек Нұрқаділов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);