Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақтілді комикстерге сұраныс артып келеді

Қазақтілді комикстерге сұраныс артып келеді

Мәдениет 24.01.2023, 04:29 1,396
Қазақтілді комикстерге сұраныс артып келеді
Cурет: 24kz

Бүгінде қазақтың халық ауыз әдебиеті комикс түрінде жарық көруде.


Қылқалам шеберлері кішкентай оқырмандарға батырлар мен хандардың және ұлы тұлғалардың өмірін сурет арқылы жеткізіп жатыр. Шымкенттік 24 жастағы сценарист Бек-Ата Даниалдың туындылары АҚШ, Ұлыбритания мен Үндістандағы басылымдарда шығарылып жатыр. Енді өнер иесі жуырда батырлар жайлы комикс жазып, оны әлемдік нарыққа шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Өнер иелері комиксті дамыту арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеп, кітапқа баулуға болады дейді. Тіпті ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық сана мен ар-ұят сынды қасиеттерді де осы жанр арқылы жеткізуде.  Қылқалам шебері Магира Тілеубердина да бір жылдан аса уақыт қазақша комикске бет бұрған. Оның айтуынша, қазір жас оқырман қазақ хандары мен батырларының тағдыры, өмірі мен қайсарлығына қызығады.



«Мен осы әдебиет тұлғаларынан шабыттанамын. Мен үшін олар үлкен тұлғалар. Сол үшін мен оларға қарап, кейіпкерлерімді жасаймын. Оларды басқа тұрғыда, заманауи түрде көрсеткім келеді. Біз Бек-Ата сценарист екеуміз «Есек мерген» батыр туралы комикс шығарғымыз келген. Сол үшін біз коллаборация ретінде жұмыс істеп, мен сурет жағын дамытып жатырмын», - дейді суретші-комиксист Магира Тілеубердина. 



Магира Тілеубердина сценрист Бек-Ата Даниялмен бірлесіп, жуырда жаңа туынды шығармақ. Онда қазақ фольклорында кездесетін, бойында жойқын күші бар, «жезтырнақ» та бейнеленген. Яғни, тарихтың мәлім де беймәлім сырын осы комикс арқылы оқырманға жеткізуді көздеп отыр.



«Кейіпкерлердің келбетіне эмоция қосып, жан бітіру арқылы тарихты оқырмандарға жеткізу оңай. Шетелде «батырдың саяхаты» деген ұғым бар. Біздегі батырлардың да әлгі «супермэндерден» қай жері кем? Егер олар қиялдан туса, біздің батырлар – өмір сүріп, қазақ халқын қорғап, ерлік жасаған жандар. Енді олардың теңдесі жоқ табандылығын осы жанр арқылы дәріптеп, тіпті шет мемлекеттердің нарығына да шығуға болады. Менің туындыларым Ұлыбритания, АҚШ пен Үнді елдерінде де бар», - дейді сценарист, комиксист Бек-Ата Даниял.



Он саусағынан өнері тамған комикс салушылар 20 беттік туындыға көз майын тауысып, 2-3 ай уақытын жұмсайды. Әрине, заман ағымына сай тарихты, әдебиет пен ілімді де комикс арқылы оқытуға болады. Тіпті түйткілді мәселелерді де осы жанр арқылы жеткізіп жүргендер де бар. Бастысы, бойда дарын, ынта мен қажырлық болу керек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Комикстер #қазақша #сурет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 наурыз – Қайырымдылық күні: алматылық ерікті Арсен Қабденов панасыз жануарларға көмектеседі

Бүгін 15:14

Бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс беру рәсімінің ашық өтіп жатқанын айтты

Бүгін 15:05

Алматыдағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

Бүгін 15:02

Жазушы Қали Сәрсенбай жалпыхалықтық референдумға қатысты

Бүгін 14:59

Актриса Лидия Кәденова референдумға қатысты: «Еліміздің болашағы үшін дауыс бердім»

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика