AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемде жұмыссыздар саны көбейеді - болжам

Әлемде жұмыссыздар саны көбейеді - болжам

Әлем 24.01.2023, 04:01 1,179
Әлемде жұмыссыздар саны көбейеді - болжам
Сурет: Islam.kz

Биыл әлемде жұмыссыздар саны 3 млн-ға артады.


Экономиканың құлдырауына байланысты адамдар сапасы төмен жұмыс орындарына келісуге мәжбүр болады. Халықаралық еңбек ұйымы жаңа баяндамасында осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығуы, пандемияның кесірі мен логистикалық буындардың ажырауына байланысты. Сондай-ақ баяндамада түрлі аймақтарда 2023 жылы еңбек нарығы әртүрлі өзгеретіні айтылған. Мәселен, Африка мен араб елдерінде жұмыс орындарының саны 3 пайызға артады. Ал Солтүстік Америкада жұмыссыздық деңгейі өсетін түрі бар. Украинадағы жанжал Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттеріне ең үлкен әсер етті. Дегенмен осы аймақтарда жұмыссыздар саны айтарлықтай өспейді. 



«Болжам бойынша әлемде жаңа жұмыс орындарының ашылуы 1%-ға дейін баяулайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе аз. Жұмыс іздеп жүрген 208 млн адам бар. Бұған отбасылық жағдайға байланысты еңбек ете алмайтын тағы 267 млн тұрғынды қосыңыз», - дейді Халықаралық еңбек ұйымы бас директорының көмекшісі Мануэла Томей.



Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары цифрландыру мен автоматтандырудың салдарынан еңбек нарығы түпкілікті өзгереді. Көптеген мамандықтар, тіпті экономиканың кейбір салалары жойылады немесе қажеті азаяды. Алайда оның есесіне инновациялық жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан біраз адамға өмірден артта қалмас үшін, жаңа мамандықтар игеруге тура келеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыссыздық #мәселе #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);