Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жасанды интеллекті бүлдіршіндер де қолдана бастады

Жасанды интеллекті бүлдіршіндер де қолдана бастады

Білім және ғылым 03.12.2025, 15:39 324
Жасанды интеллекті бүлдіршіндер де қолдана бастады
Рая ЕСКЕНДІР

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде басымдыққа ие болуы қажет екендігін  баса айтқаны белгілі.

Президент бастамасын жүзеге асыру үшін болашақ ұрпақ тәрбиелеп отырған  педагогтердің цифрлық технологияны меңгеруі аса маңызды.

Оның үстіне қазіргідей ақпараттар заманында  цифрлық технологиялар баланың қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілі болып табылады.  Осыған орай, қаламыздың   Әуезов ауданына қарасты  №64 бөбекжай-балабақшасында  «Адал азамат» «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында шығармашылық әдіс- тәсілдерді қолдану аясында  аудандық семинар   өтті.

Бұл іс- шараның мақсаты- педагогтердің адал азамат тұлғасын қалыптастырудағы тәжірибесін жетілдіру, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құндылықтарға негізделген тәрбие жұмыстарының  инновациялық тиімді әдістерін шебер сынып арқылы көрсету болды.  Жалпы, ЖИ  мен интерактивті платформалар тәрбиешілер мен әдіскерлердің жұмысын жеңілдетіп, балалардың танымдық белсенділігін дамытады.  Ұжым қызметкерлері  шара барысында  бірнеше интерфейстерде жасалған ойын түрлерімен таныстырды.  Мысалы: Gemini, Grok,Wordwall, Kahoot, Quizizz, Pix Verse, ChatGPT, Голограмма тәсілдері.  Аталмыш балабақшаның  қазақ тілі маманы Н. Минамутдинова «Ойын мен технология- тіл кілті» атты шеберлік сағатында «SmartBala» жобасы бағытында балаларды үй жануарларымен, төрт  түліктің төлдерімен және адам баласына келтіретін пайдасы жайлы түсіндіру барысында Gemini, Grok, Pix Verse, ChatGPT, Голограмма интерфейстерін және робототехниканы қалай тиімді қолдануға болатынын көрсетіп, өз іс- тәжірибесімен бөлісті.  

Келесі  кезекте қазақ тілі маманы А. Әбілдаева  «Еңбегі адал – жас өрен»- тәрбиеленушілерде әртүрлі мамандықтарға қызығушылықты дамыту және еңбексүйгіштік  идеясын насихаттау арқылы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Мамандықтың бәрі жақсы- қалауыңды таңдай біл» атты шеберлік сағатында Wordwall, Pix Verse, ChatGPT платформаларының ұтымды пайдалану жолдарымен таныстырды. Ал балабақша психолог маманы А. Еслакова семинарға қатысушы педагогтермен Kahoot, Quizizz платформаларында «Адалдық алаңы» атты интерактивті викториналық ойынын ойнатып, "Миға шабуыл" әдісін қолданудың тиімді тұстарын көрсетті.

Мектепалды «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі А.Ұзақова Узакова  дамытушы ортаны ұйымдастыру, балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз ету жолдары жайлы өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңы  балабақшаның  өнерпаз бүлдіршіндерінің өнеріне ұласты.  өз мәресіне жетті. Семинарға қатысушы қонақтар  іс- шарадан алған әсерлерін ортаға салып,  шығармашылық шабыт,  тың идея алып қайтты.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі