Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы зейнетақылардың болашағы қандай бола...

Қазақстандағы зейнетақылардың болашағы қандай болады: сарапшылардың болжамы

Әлеумет 14.08.2024, 14:26 1,206
Қазақстандағы зейнетақылардың болашағы қандай болады: сарапшылардың болжамы
Сурет: Gov.kz

Қазақстанның қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыруға атсалысқан бір топ қазақстандық сарапшылар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын арттыру және халықтың зейнетақы қамсыздандырылуын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстарды Мемлекет басшысына жолдады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) осы ұсыныстар мен мемлекеттік зейнетақыға қатысты түсініктемелер мен болжамдарды жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі жалпы дұрыс құрылған, себебі ол көп деңгейлі болып табылады және мемлекеттік және жинақтаушы компоненттерден тұрады.

Мемлекеттік зейнетақы құрамына ынтымақтастық және базалық зейнетақылар кіреді және ол тікелей бюджеттен төленеді. Мұндай тәсіл жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені ынтымақтастық және базалық зейнетақыларды қаржыландыру жалпы бюджет кірістерінен жүргізіледі.

Дегенмен, КСРО-дан мұра болып қалған және "ұрпақтар ынтымақтастығына" негізделген ынтымақтастық зейнетақысының мөлшері біртіндеп азайып келеді, себебі ол 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтарға тағайындалады.

"Нәтижесінде, 2040 жылдан кейін зейнетке шығатын азаматтардың мемлекеттік зейнетақысы тек базалық зейнетақыдан ғана тұратын болады", – делінген БЖЗҚ жарияланымында.

Қазіргі уақытта ынтымақтастық зейнетақысы мемлекеттік зейнетақының басым бөлігін (шамамен 2/3) құрайды. Алайда, ынтымақтастық зейнетақысы жоғалғаннан кейін, мемлекеттік зейнетақының мөлшері айтарлықтай төмендейді. Осыны болдырмау үшін сарапшылар базалық зейнетақының өсім қарқынын ынтымақтастық зейнетақысының азаю қарқынына сәйкес қамтамасыз ету қажет деп санайды. Ол үшін, олардың пікірінше, зейнетақы жүйесіндегі барлық төлемдерді есептеу және болжау үшін өмір сүру минимумының орнына ең төменгі жалақыны біртұтас әлеуметтік стандарт ретінде пайдалану және мемлекеттік бюджеттің зейнетақы шығыстарын ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) кемінде 3 пайызы деңгейінде ұстау қажет.

"Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері болжамды инфляция деңгейіне қарай индексацияланатын ең төменгі күнкөріс мөлшеріне негізделіп есептеледі және еңбек нарығындағы жалақының өсуінен (медиандық және орташа мөлшері бойынша) айтарлықтай артта қалады. Соның салдарынан халықтың нақты зейнетақы табысы төмендейді", – деп түсіндірді сарапшылар.

Халықаралық тәжірибеде (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - ЭЫДҰ елдері) мемлекеттік зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері медиандық жалақының өсуіне сәйкес орнатылады және сақталады. Орташа алғанда, ЭЫДҰ елдерінде ең төменгі жалақы медиандық жалақының шамамен 50 пайызын құраса, ең төменгі мемлекеттік зейнетақы – ең төменгі жалақының шамамен 60 пайызын құрайды.

"Сондықтан барлық зейнетақы төлемдерін бірыңғай стандартқа – ең төменгі жалақыға байлау және оның медиандық жалақының өсуін ескере отырып, мөлшерінің сәйкес келуін қамтамасыз ету маңызды", – деп атап өтті жарияланымда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #зейнетақы #сарапшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика