Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 6 мы...

Алматыда бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Барлығы 13.11.2025, 17:28 387
Алматыда бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Алматы әкімдігі

«Almaty Business–2025» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов мәлімдеді.

«2025 жылы тоғыз айда «Almaty Finance» және «Almaty» микроқаржы ұйымы жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 70 жобаны қаржыландырды. Бұл 793 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қолдау өндіріс пен қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика, туризм, спорт және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге көрсетілді», – деді Берік Құсайынов.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап «Алматы» ӘКК-ның еншілес және тәуелді компаниялары 52,7 млрд теңге сомасына 774 жобаны қаржыландырып, 6 168 жұмыс орнын құрды. Әсіресе, өндіріс және қайта өңдеу (32%), денсаулық сақтау (14%), әлеуметтік кәсіпкерлік (9%), туризм (7%), креативті индустрия (7%), қызмет көрсету саласы (6%) және білім беру (5%) салаларындағы жобаларға көп қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында 18 шағын өнеркәсіптік парк құрылысы да қаржыландырылды.

Бюджеттен бөлінген 25,6 млрд теңге қайтарымды-револьверлік қаржыландыру тетігі арқылы жалпы 52,7 млрд теңге көлемінде жобаларды қолдауға мүмкіндік берді. Бостандық және Алатау аудандары қаржыландырылған жобалар саны бойынша көш бастады.

Айта кетейік, Almaty Business-2025 бағдарламасын 2019 жылы Алматы қаласының мәслихаты бекіткен еді. Бағдарлама кәсіпкерлікті дамытуға және бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Оны іске асыру үшін «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ еншілес компаниясы құрылды, олар «Алматы» ӘКК компаниялар тобына кірді.

Бағдарлама бойынша шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Несие 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% және 6% мөлшерлемемен беріледі. 2% мөлшерлеме көпбалалы аз қамтылған отбасыларға, I және II топтағы мүгедектерге, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, шағын өнеркәсіп парктерінің резиденттеріне ұсынылады. 6% мөлшерлеме Алматыдағы шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған және немесе ісін енді бастаған субъектілерге беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі