Абай облысында 13 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кеткен

  • 12:36, 14 қазан 2025
Абай облысында 13 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кеткен Абай облысы ПД

Абай облысында 13 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

 Полиция департаменті облыс тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған 2012 жылы туған Аружан Саржанды іздестіруге көмек көрсетуін сұрады. 

13 қазанда ол Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 9-үй мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр, өңі қараторы. Көзінің астында меңі бар. Бойы 155–160 см шамасында, арықша денелі.

Үстіндегі киімі: қара түсті күрте, ақ түсті капюшоны бар толстовка, ақ түсті кроссовка.

Полиция қызды көргендерден 102-ге хабарласуын сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:38

17:19

17:00

16:48

16:29

16:10

15:58

15:39

15:18

15:02

14:41

14:36

14:21

14:08

12:34

12:29

12:18

12:13

12:12

12:02

11:56

11:31

11:11

10:58

10:45