Алматыдан 195 шақырым қашықта жер сілкінді

  • 15:16, 14 қазан 2025
Алматыдан 195 шақырым қашықта жер сілкінді Сурет: oxu.az

Алматыдан 195 шақырым қашықта жер сілкінді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

"14 қазанда Астана уақытымен сағат 12:17-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы - 4.0, энергетикалық класы - 9.3", - деп жазылған Қазақ Ұлттық деректер орталығының хабарламасында.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 195 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының хабарлауынша, елді мекендерде жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балл болған. Жер сілкінісі Қара-Мойнок, Таш-Дөбе және Дон-Алыш ауылдарында сезілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:45

10:37

10:15

10:07

09:55

09:37

09:15

09:00

08:45

18:47

17:56

17:39

17:18

17:01

16:53

16:40

16:22

16:02

15:52

15:38

15:23

15:14

15:04

14:53

14:41