AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымкентте денесі қоқыстан табылған 26 жастағы әйел...

Шымкентте денесі қоқыстан табылған 26 жастағы әйелдің ісі сотта қарала бастады

Оқиға 14.10.2025, 15:37 671 Сұлу
Шымкентте денесі қоқыстан табылған 26 жастағы әйелдің ісі сотта қарала бастады
Видео кадры

Шымкентте денесі қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваның ісі сотта қарала бастады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алғашқы процессте прокурор қанды қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, 26 жастағы келіншекті мектеп оқушысы пышақтап, мәйітін қорлаған. 

"Кәмелетке толмаған сотталушы Анар өлген адамның мәйітін қорлап, қылмысты қасақана жасаған. Анар өзінің қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, жәбірленуші Оңғарбаеваның астының шалбарының оң қалтасынан самсунг ұялы телефонын жымқырып жасаған қылмыстық іс-әрекетін жасыру мақсатында мәйітін қара түсті политэтилен пакетке орап тұрғын үй ауласында тұрған құрлыс арбасына салып, қоқыс жәшігінің жанына апарып тастаған", - деді мемлекеттік айыптаушы Нұржігіт Ерментай. 

Тергеу дерегінше, күдікке ілінген 11 сыныптың оқушысы жазғы демалыста қалаға нәпақа табу үшін келіпті. Сөйтіп құрылыс істеп жатқан баспанада жалғыз қалып, әлеуметтік желіден үй тазалаушыны іздеп табады.

Сұмдықтың бәрі Диана Оңғарбаева жұмысын біткен соң басталыпты. Келіншек келіскен 15 мың теңгені сұрағанда айыпталушы оған пышақ сұғып, кейін жансыз денесін қорлаған дейді прокурор.

Еске салайық, тамызда Шымкенттегі қоқыс жәшігінен екі баласы бар әйелдің мәйіті табылған еді. 26 жастағы тұрғынның сүйегін қоқыс тазалайтын жұмысшылар байқаған. Жоғалған Диананың денесі сол аумақта 10 күн бойы жатқан екен. Етегі жасқа толған марқұмның анасы тергеушілер іске немқұрайлы қарамағанда қызымның денесі уақыты табылатын еді деп отыр. 

"Бала Қасқасу баласы дегеннен кейін Қасқасудың бәрін іздедік. Таппадық. Сонда Қаратау РУВД нелері де іздедік іздедік деп іздемеген. Мен 28 күні жазам арыз 29 Астанаға жазам содан кейін телефоны табылады. 31 қызым табылады мусордан. Сонда милициялар қайда жүрді іздемей. Может іздеп тапқандай бұндай болмайтын еді ғой. Бұлай қорланып өлмейтін еді ғой", - деді марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #қоқыс #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы шаралар күшейтіледі

Бүгін 12:01

Елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

Бүгін 11:28

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді

Бүгін 10:22

«Əділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін 09:35

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);