конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының кәсіпкерлері 52,7 млрд теңге жеңілдетілг...

Алматының кәсіпкерлері 52,7 млрд теңге жеңілдетілген қаржы алды

Барлығы 14.10.2025, 13:52 681
Алматының кәсіпкерлері 52,7 млрд теңге жеңілдетілген қаржы алды
Алматы ӨКҚ

2019 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан "Almaty Business – 2025" бағдарламасы бойынша Алматының кәсіпкерлері жалпы сомасы 52,7 млрд теңге жеңілдетілген қаржы алды. Бұл қаржы 774 бизнес-жобаны қолдап, 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. "Almaty Finance" ЖШС және "Almaty" МҚҰ оны жылдық 2% және 6% мөлшерлемемен берді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында "Almaty Finance" ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов осылай деп хабарлады.

Бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытып, қаржыландыруды қолайлы етуді көздейді. Осы бағдарламамен кәсіпкерлер 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие ала алады. 2% мөлшерлеме әлеуметтік жағынан осал топтарға, 6% мөлшерлеме қалған барлық ШОБ нысандарына арналған.

"Almaty Finance" беретін ең жоғарғы несие – 500 млн теңге, "Almaty" МҚҰ арқылы – 78,64 млн теңгеге дейін алуға болады. Ол ақша жабдық сатып алуға, шикізат пен айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ, бизнестегі басқа да мақсатқа жұмсалады.

Бағдарламада өндірістік, инновациялық, экспортқа бағытталған жобаларға, креативті индустрия мен шағын өнеркәсіптік парктердегі бастамаларға көп көңіл бөлген. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде осындай 18 парк салынды.

Берік Құсайынов "Almaty Business – 2025" бағдарламасы денсаулық сақтау, білім беру, туризм, спорт, қызмет көрсету саласы мен әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы бизнесті де қолдайтынын атап өтті. 2025 жылдың 9 айында 70 жоба қаржыландырылып, 9,8 млрд теңге бөлініп, 793 жұмыс орны ашылған.

52,7 млрд теңгенің ішіндегі 25,6 млрд теңге бюджеттен бөлініп, олар қайтарымды-револьверлік механизм арқылы тиімді пайдаланылды. Ең көп жоба Бостандық ауданында (152), Алатау ауданында (149), Алмалы ауданында (97) және Медеу ауданында (93) іске асты.

Жеңілдетілген қаржыландыру алғандардың бірі – көпір құрылымдарын дайындаумен айналысатын "АЗМК Group" компаниялар тобы. Алғашқы 250 млн теңге траншы жаңа жабдық сатып алуға жұмсалды. Қазіргі кезде 230 млн теңге көлеміндегі екінші транш игеріліп жатыр.

"Almaty Business" бағдарламасына алғысымыз шексіз. Біз осы бағдарлама арқылы 6 пайыздық несие алып, еншілес кәсіпорнымыз – "Темір ЖБ" ЖШС үшін лазерлік жабдық, станоктар мен автоматты дәнекерлеу кешендерін сатып алдық. Барлық жабдық орнатылып, жұмыс істеп тұр. Соның арқасында зауыттың өнімділігі үш есе артып, қызметкерлер саны 25%-ға көбейді. Алматының әкімдігі мен осындай бағдарламаларға зор алғыс білдіреміз. Олар қаланың өнеркәсібін дамытуға, зауыттар мен басқа да кәсіпорындардың өнім сапасын арттыруға көмектеседі", – дейді "АЗМК Group" компаниялар тобының инновациялар жөніндегі директоры Ерік Жексебаев.

Бағдарлама Алматы қаласының экономикасының тұрақты дамуына үлес қосып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашып беріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкерлер #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);