AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Сынға лайық екенін көрсетті". Боранбаев Шерхан Қа...

"Сынға лайық екенін көрсетті". Боранбаев Шерхан Қалмұрзаға баға берді

Спорт 14.10.2025, 15:55 556 Сұлу
"Сынға лайық екенін көрсетті". Боранбаев Шерхан Қалмұрзаға баға берді
Коллаж: aqshamnews.kz

Алматылық "Қайрат" клубының иесі Қайрат Боранбаев жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынына жоғары баға берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

18 жастағы Шерхан Қалмұрза соңғы матчтарда негізгі қақпашы ретінде алаңға шығып жүр. Бұған дейінгі негізгі ойыншылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алып, қатардан тыс қалған болатын. Осындай жағдайда Шерхан күтпеген жерден негізгі құрамға енді және сенімді ойынымен көзге түсті.

Жас қақпашы "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы лиссабондық "Спортингке" қарсы (1:4) және мадридтік "Реалға" қарсы (0:5) ойындарда қақпаны қорғады.

"Қалмұрза, әрине, ерекше мүмкіндік алды. Иә, бұл мүмкіндік негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты туғаны өкінішті, бірақ Шерхан өзін өте сенімді ұстап жүр. Біз оның ойынына қуаныштымыз, ол жақсы қақпашы. Кейде алаңда ауыр соқтығыстар болғанда "тек жарақат алмасын, әйтпесе қақпаны 16 жастағы бала қорғауы мүмкін" деп еріксіз күліп ойлаймыз", - дейді Боранбаев әзілмен.

Біз жас футболшыларға сенім арта алатынымызды көріп отырмыз. Олардағы ынта мен деңгей қуантады. Әрине, тәжірибе әлі аз, бірақ Шерхан бір жылдан астам уақыт "Қайрат-Жастар" сапында Бірінші лигада ойнады, яғни ересектер футболын сезінді. Әрине, "Селтик" пен "Реал Мадрид" деңгейі мүлде басқа, бірақ ол бұл сынға лайық екенін көрсетті. Ең маңыздысы, командадағы барлық ойыншы оны қолдап, "Шерханға көмектесеміз, барымызды саламыз, тек ол өзіне сенімді болсын" деді", - деді Боранбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат ФК #спорт #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика