AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы дәрігерлері өзбек әріптестеріне шеберлік са...

Алматы дәрігерлері өзбек әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізді

Барлығы 14.10.2025, 16:25 719
Алматы дәрігерлері өзбек әріптестеріне шеберлік сабақтарын өткізді
сурет: автордан

“Өзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері” аясында Қазақстан кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова мен дәрігер-эндоскопист Қанат Сейтбеков Ташкенттегі клиникалардың мамандарына шеберлік сабақтарын өткізді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Іс-шара барысында олар ішек қабыну ауруларын диагностикалаудың заманауи әдістері (баллонды энтероскопия, видеокапсулалық эндоскопия және эндоультрадыбыстық зерттеулер) бойынша ҒЗИ жетістіктерін таныстырды. 

Қазақстандық эндоскопистер «Ішек қабыну ауруларында эндоскопияның рөлі» тақырыбында «M-Clinic» медициналық орталығының эндоскопист-дәрігерлері мен гастроэнтерологтары үшін дәрістер оқыды. Шеберлік сабағы аясында ішек қабыну ауруларын диагностикалаудың заманауи тәсілдері ұсынылып, клиникалық жағдайлар мен эндоскопиялық бақылау алгоритмдері талқыланды. Диагностиканың нақтылығын арттыру және инновациялық эндоскопиялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, өзбек әріптестерімен эндоскопиялық зерттеулерді стандарттау, кабинеттерді жабдықтау және мамандардың дайындығының сапасын арттыру мәселелері бойынша кәсіби пікірталастар өтті. Бірлескен ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Клиника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді

Бүгін 15:52

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);