Димаш Құдайберген Мехикода қазақ қызының тұсауын кесті

  • 12:49, 14 қазан 2025
Димаш Құдайберген Мехикода қазақ қызының тұсауын кесті Сыртқы істер министрлігі

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасының Мехикодағы елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Министрлік мәліметінше, қазақ дәстүрі мен мәдениетін ілгерілету аясында өнер иесі елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойнап, сондай-ақ, бір жасар қазақстандық Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, оған батасын берді.

Айта кетейік, Димаш 8 және 10 қазанда Мехикода концерт берген еді. Оған 25 мыңнан аса тыңдарман жиналған.

Жанкүйерлер әншіге, оның отбасы мен командасына терең ризашылықтарын білдіріп, көптеген кәдесый мен тәтті сыйлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:38

17:19

17:00

16:48

16:29

16:10

15:58

15:39

15:18

15:02

14:41

14:36

14:21

14:08

12:34

12:29

12:18

12:13

12:12

12:02

11:56

11:31

11:11

10:58

10:45