AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Air Astana-ның ашық есік күні мен ESG Awards марап...

Air Astana-ның ашық есік күні мен ESG Awards марапаттау рәсімі өтті

Әлеумет 14.10.2025, 18:15 484 Сұлу
Air Astana-ның ашық есік күні мен ESG Awards марапаттау рәсімі өтті
Air Astana баспасөз қызметі ұсынған сурет

Алматыда Air Astana серіктестері мен жеткізушілеріне арналған ашық есік күні және ESG Awards марапатының екінші рәсімі өтті, онда әуе компаниясы тұрақты даму саласындағы бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін серіктестерді марапаттады.

Компанияның жеткізушілері мен серіктестеріне арналған Ашық есік күнінің мақсаты - қазіргі жеткізушілермен серіктестік қарым-қатынасты нығайту, жаңа әлеуетті жеткізушілерді әуе компаниясындағы жеткізу тізбегімен таныстыру және компанияның тұрақты сатып алу саласындағы жоспары туралы әңгімелеу.

Іс-шарада Air Astana әрбір кәсіпкер тіркеле алатын сатып алулар үшін жеке цифрлық платформасымен таныстырды. Бұл жеткізушілерді тіркеуден бастап шарт жасасуға дейінгі сатып алудың барлық кезеңіне ыңғайлы және қол жетімді құрал.

«Жеке цифрлық форматқа көшудің және бірыңғай стандарттарды енгізудің арқасында сатып алу үдерісі барлық жеткізуші үшін икемді және ашық болды, - дейді сатып алу және жабдықтау жөніндегі вице-президент Диляра Күнхожаева. - Платформаны іске қосу, Ашық есік күнін өткізу Air Astana компаниялар тобының ашықтыққа және барлық жеткізуші үшін тең жағдай жасауға ұмтылысын растайды».

Ашық есік күнінде Air Astana сатып алатын тауарлардың көрмесі өтті:  униформа, арнайы киім, аяқ киім, борттық өнім, жол жиынтықтары, алмалы-салмалы борттық тоқыма, гигиеналық өнім, өнеркәсіптік өнім, ыдыс және т.б.

ESG Awards марапаты компанияның әріптестеріне компанияның ESG қағидаттарын іске асыруға қосқан үлесі үшін беріледі (экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару). Іс-шара әріптестердің борттық қызмет көрсету, еңбекті қорғау, қызметкерлерді оқыту және дамыту, экология, ұшу қауіпсіздігі, гендерлік теңдік сияқты салалардағы еңбегін марапаттауға, сондай-ақ компанияның ESG-бастамалары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.

Air Astana компаниясының орнықты даму мәселелері жөніндегі департаментінің директоры Юлия Лим:

«Біз серіктестеріміз бен жеткізушілерімізге жауапты жеткізу тізбектерін дамытуға және орнықты даму құндылықтарын қолдауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Қазір компания сатып алу рәсімдеріне ESG қағидаттарын енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, бұл үдерісті барынша ашық және жауапты етеді».

Биыл компания 11 серіктестерін марапаттады, олардың ішінде ірі халықаралық корпорациялар, жергілікті өндірушілер мен шағын және орта бизнес өкілдері бар. Маңызды критерийлердің қатарында жеткізушілердің сенімділігі мен әдептілігі, ESG саласындағы компанияның корпоративтік мақсаттарын қолдау, икемділік пен ашықтық сияқты қасиеттер бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Air Astana #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика