Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда газ тапшылығын болдырмау үшін қандай ш...

Қазақстанда газ тапшылығын болдырмау үшін қандай шаралар қабылданады?

Әлеумет 06.06.2022, 06:12 1,237
Қазақстанда газ тапшылығын болдырмау үшін қандай шаралар қабылданады?
Сурет: Gazeta.ru

2025 жылға қарай отандық газ тапшылығы болуы мүмкін. 


Газдың ресурстық базасын кеңейтуге қатысты ынталандыру қадамдары керек. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Жақын болашақта тауарлы газдың негізгі өндірушілері ретінде Қашаған, Қарашығанақ, Теңізшевройл болып қалады, оларға тауарлы газ ресурстарының жалпы көлемінің 64 пайызы тиесілі. Өз құрылымы бойынша Қазақстанда өндірілетін газ ілеспе мұнай газы болып отыр, ол негізінен өңдеуге инвестицияларды талап етеді», - деді Болат Ақшолақов. 



Оның пайымынша, жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстық базаны кеңейтуге мүдделілігінің төмендігін ескере отырып, тиісті ынталандыру шаралары қажет. 



«Осыған байланысты, газ жобаларына арналған ынталандыру шаралары арқылы еліміздің ресурстық базасын толықтыру туралы мәселе өзекті болып тұр. Қазіргі уақытта ресурстық базаны кеңейту үшін Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын үш кезекпен (1, 2 және 6 млрд текше метр) салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол 2030 жылға қарай тауарлы газ көлемін қосымша 6 млрд текше метрден асыруға мүмкіндік береді», - деді министр. 



Осы орайда ол 2021 жылғы маусым айынан бастап қуаты 1 млрд текше метр болатын жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Бірінші кезеңді 2024 жылдың басында іске қосу ескерілген. 



«Аталған зауытты салу Кашаған жобасының 2-фазасын іске асыру аясында пысықталып жатыр. Ол мұнай өндірісін тәулігіне 400 мың беррельден 700 мың баррельге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса, министрлік ресурстық базаны кеңейтуді ынталандыру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр», - деді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #Қазақстан #тапшылық #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30

Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам - Алматыда дәрігерлермен құқықтық кездесу өтті

Бүгін 15:27

Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бүгін 15:25

Алматы вакциналауды күшейтіп, кез келген жағдайға дайын отыр - Денсаулық басқармасы

Бүгін 15:05

Алматының аумақтық сайлау комиссиясы үйде дауыс беру мен бекіту куәлігін алудың тәртібін түсіндірді

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі