AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 231 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақысы...

Алматыда 231 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақысы өсті

Әлеумет 06.06.2022, 06:25 1,171
Алматыда 231 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақысы өсті
Сурет: Egemen.kz

Елімізде «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, биыл 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес,1 сәуірден бастап: айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге (3063 теңге 01.01.2022ж. бастап), ең төменгі зейнетақы – 48032 теңге (46302), базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге (19450), ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге (36018), ең төменгі жалақы – 60000 теңге (60000) болды. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар да өсті. Мысалы, І топтағы мүгедекке берілетін жәрдемақы 69 155-тен 71 787 теңгеге өсті. Жаңа туған балаға берілетін біржолғы жәрдемақы 116 394 теңгеден 120 840-қа өсті. Төртінші балаға 192 969-дан 200 340 теңге болды Сондай-ақ 1 сәуірден бастап, осыған дейін тағайындалған жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі 4%-ға артты. Оның мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 еселенген АЕК-тен аспауы керек. Яғни, 146 280 теңге. 2022 жылы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 140 898 теңгені құрады.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанованың айтуынша, Алматыда 231 740 зейнеткердің зейнетақысы өскен.



«Мүгедектігі бойынша 37 660 және асыраушысынан айрылған 12 571 адамның жәрдемақысы артқан. Жалпы, бүгінгі күні Алматы қаласында арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар – 28 677, көп балалы отбасылар – 26 761, көп балалы аналар, алқамен марапатталғандар – 4 982, бір жасқа дейінгі күтім бойынша жәрдемақы алушылар – 3 153-ті құрайды», - деді ол.



Сондай-ақ ол мемлекеттік корпорация көрсететін 44 мемлекеттік қызмет түріне электронды түрде онлайн өтініш беруге болатынын, ол үшін қызмет алушылардың ұялы телефон нөмірлері міндетті түрде мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркелуі керек екенін жеткізді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #зейнеткер #күнкөріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Президент туралы» заңға да түзетулер енгізу жоспарланып отыр

Бүгін 10:51

Қыз Жібекке Баян сұлудың сыйы

Бүгін 10:23

Алтын мен күміс арзандады

Бүгін 10:14

47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Бүгін 09:16

Астана қаласының оқушылары халықаралық чемпионаттың жеңімпазы болды

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика