Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы кейбір мәселелер» атты Қаулыны қабылдады. Бұл туралы Vecher.kz хабарлайды.

Құжатта: «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мәртебесіндегі ең жоғарғы ғылыми ұйымға қайта құру» деп көрсетілген.

Академияның негізгі қызмет түрлері:

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Ғылым мен технологиялардың стратегиялық басым бағыттарын талдау және оны Президент жанындағы Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесіне ұсыну;

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларды сараптамадан өткізу;

Ғылымның даму болашағы бойынша болжамдық зерттеулер дайындау;

Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен стипендияларға арналған байқаулар өткізу;

Ғылым мен техника саласында зерттеулер жүргізу;

Ғылыми журналдар шығару;

Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

Ғылымды насихаттауға қатысу.


Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы – елдегі түрлі білім салалары бойынша жетекші ғалымдар мен зерттеушілерді біріктіретін жалғыз жоғарғы ғылыми ұйым. Академия Қазақстанда ғылым, технология және инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқарады, ғылыми зерттеулерді ілгерілетіп, білім таратуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Ақылбек Күрішбаев:
– Өткен жылы Академия жанынан аналитикалық орталық құрылып, еліміздегі ғылымның жағдайы талданды, елдің ғылыми әлеуетінің деректер базасы жасалды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 113 ғылыми-техникалық тапсырма сараптамадан өткізілді. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарымен 27 меморандумға қол қойылды. Олардың негізінде неміс, корей және қытайлық зерттеу құрылымдарымен бірге үш халықаралық ғылыми орталық ашылып, АҚШ және Қытай ғылым академияларымен үш халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырыла бастады. Біз ғылым саласында жаңа жетістіктер мен трансформациялардың алдында тұрмыз. Біздің мақсат – Қазақстанды Орталық Азиядағы ғылыми зерттеулердің көшбасшысы ету. Ғылым академиясы жаңа идеялар мен ұсыныстарға ашық, – деп атап өтті Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев.

Еске салсақ, 2024 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қаласында ғылыми қауымдастыққа Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңа сайланған академиктері таныстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:18

19:15

18:45

18:12

17:45

17:28

17:10

17:04

16:42

16:38

16:36

16:31

16:15

16:03

15:45

15:24

15:10

15:02

14:57

14:52

14:44

14:27

14:21

14:10

13:35