Бүгін Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Капитан Әділет Садыбеков клуб қалай дайындалып жатқанын айтты.
"Біз үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатырмыз. Алдағы бір апта бойы үлкен клубқа қалай тойтарыс беру керегін қарастырамыз. Тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да дайындалудамыз", - деді ол.
Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйекте өтеді.