AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бортта жүзден астам адам болған: Шереметьевода екі...

Бортта жүзден астам адам болған: Шереметьевода екі жолаушылар ұшағы соққыға ұшырады

Оқиға 25.09.2025, 12:14 489 Дина
Бортта жүзден астам адам болған: Шереметьевода екі жолаушылар ұшағы соққыға ұшырады
Сурет: depositphotos.com

Мәскеудегі Шереметьево халықаралық әуежайында екі жолаушылар ұшағы қатысуымен оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "Газетаға" сілтеме жасап. 

Зардап шеккендер жоқ

Пекиннен келген Hainan Airlines компаниясының Airbus A330 ұшағы "Россия" әуе компаниясының Санкт-Петербургке ұшуға дайындалып тұрған Sukhoi Superjet 100 (SSJ-100) әуе кемесінің құйрық бөлігіне қанатымен тиіп кеткен.

Росавиацияның мәліметінше, екі бортта да жүздеген адам болғанымен, ешкім зардап шекпеді.

"Жолаушылар үшін қауіп болмады", - деді Росавиацияның ресми өкілі Артем Кореняко.

Ол мұндай жағдайлар барлық мән-жайды, оның ішінде экипаждардың әрекеті мен диспетчерлік қызметтердің жұмысын мұқият тексеруді қажет ететінін атап өтті.

Бортта қанша адам болды?

Superjet ұшағында 84 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Олар эвакуацияланып, кейін резервтік бортқа отырғызылды. Рейс FV6097 Санкт-Петербургке сол түні сағат 23:56-да ұшып шықты.

Қытайлық Airbus ұшағында 264 жолаушы болған. Инциденттен кейін әуе кемесі техникалық тексеріске жіберілді, сол себепті ұшу уақытша кейінге шегерілген. Кейбір жолаушылар түнді Мәскеуде өткізген.

Ұшақтар зақымдалды ма?

SSJ-100 ұшағының рөл бұру бағыты, ал Airbus-тың қанатының бір бөлігі зақымдалғаны хабарланды. Өрт немесе жанармайдың ағуы болмаған. Әуежайдың апаттық қызметтері дереу жеткенімен, олардың көмегі қажет болмаған.

"Жағдай ұшулар қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ және тез арада бақылауға алынды", - делінген Шереметьево хабарламасында.

Оқиға салдарынан кейбір рейстер кешіккен, алайда түнде әуежай жұмысы қалыпқа келген.

Әуе компанияларының реакциясы

"Россия" әуе компаниясы оқиғаны растады:

"Басқа компанияның ұшағы біздің SSJ-100 ұшағымыздың құйрығына қанатымен тиіп кетті. FV6097 рейсінің жолаушылары резервтік бортқа орналастырылып, Санкт-Петербургке сәтті жеткізілді", - деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Hainan Airlines әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Тексеру басталды

Инциденттің себептерін анықтау үшін Росавиация арнайы комиссия құрды. Оған агенттік басшысының орынбасары Андрей Потемкин жетекшілік етеді. Комиссия құрамына ұшу қауіпсіздігі сарапшылары, инженерлер және диспетчерлік қызмет өкілдері енді. Олар экипаждардың әуе байланысын, борттық жазбаларды және ұшақтардың техникалық жағдайын зерттейді.

Сонымен қатар Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасы тексеріс бастады. Ведомство ұшу қауіпсіздігі нормаларының сақталуына және жолаушылардың құқықтарының бұзылмауына құқықтық баға бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);