AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллект дәуірі: мамандықтар жойылмайды,...

Жасанды интеллект дәуірі: мамандықтар жойылмайды, өзгереді

Әлеумет 25.09.2025, 13:00 902
Жасанды интеллект дәуірі: мамандықтар жойылмайды, өзгереді
Сурет: интернеттен

Қазақстан еңбек нарығы жаңа кезеңге қадам басты. Жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары жұмыс орындарын толық жоймай, олардың мазмұны мен талаптарын түбегейлі өзгертуде, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының директоры Ернат Жүнісовтің айтуынша, бұрын қолмен жасалатын жұмыс автоматтандырылып жатыр. Осыған байланысты кәсіби стандарттарға жаңа құзыреттер енгізілуде. Қазір сұранысы жоғары 8 мың мамандықтың 60%-ы жаңартылған кәсіби стандартпен қамтылып, олардың негізінде 11 мыңнан астам білім беру бағдарламасы өзектендірілген.

Сарапшы қысқа мерзімді қайта даярлау мен сертификаттау жүйесін дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл мамандарға ЖИ құралдарын терең оқымай-ақ тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе бойынша, алдағы уақытта жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің 50%-ы қайта даярлаудан өтуге мәжбүр болады.

HR кеңесші Әлия Мырзабекованың айтуынша, кәсіби стандарттарды дер кезінде жаңарту — еңбек нарығының басты шарты. Жаңа дағдыларды меңгермегендер бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін. Болашақ икемділікке, үздіксіз оқуға және технологиялық сауаттылыққа тікелей байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #Жасанды интеллект #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);