AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / "Алтын орда" мен тәркіленген активтердің тағдыры а...

"Алтын орда" мен тәркіленген активтердің тағдыры ашық айтылсын – депутат Ринат Зайыт

Саясат 24.09.2025, 17:22 575 Сұлу
"Алтын орда" мен тәркіленген активтердің тағдыры ашық айтылсын – депутат Ринат Зайыт
Aqshamnews.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, олигархиялық топтардан қайтарылып жатқан активтердің халыққа пайдасы мен олардың болашақтағы тағдырына қатысты ашық ақпарат талап етті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Депутат Ринат Рифхатұлы Зайыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасынан кейін әділеттілік ұғымы қоғамда кең қолданысқа енгенімен, оның толық жүзеге асуы үшін әлі де батыл қадамдар қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қаржы министрлігінің жанындағы Активтерді қайтару комитеті соңғы уақытта ықпалды тұлғалардың күмәнді байлығына қатысты тергеуді күшейтіп, нақты нәтижелерге қол жеткізе бастаған.

Мәселен, жуырда Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев сот шешімімен 57 млрд теңге көлеміндегі активінен айырылып, мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар оған 925 млн теңге айыппұл және 230,4 млн теңге айыпақы салынған. Депутат бұл үдерісті оң бағалай отырып, қоғамда әсіресе "Алтын орда" базары мен Алматы қаласы мен облысындағы заңсыз жер телімдері жайлы сұрақтар көп екенін айтты.

"Бұл нысандардың тәркіленген активтердің қатарында бар-жоғы белгісіз. Сот процестері жабық өткендіктен, халық олардың тағдыры жайында нақты ақпарат ала алмай отыр", – деді ол.

Зайыттың айтуынша, қайтарылған активтердің қаншалықты халық игілігіне жаратыны, жұмыс орындарының сақталуы сияқты мәселелер түсініксіз күйде қалып отыр.

Сондықтан депутат бас прокурорға мынадай ұсыныстарын жеткізді:

  • Нұрбол Назарбаевтың барлық активтеріне толық түгендеу жүргізіп, заңсыздарын мемлекет меншігіне қайтару;
  • Заңсыз активтердің қайтарылғаннан кейінгі пайдаланылуы туралы толық ақпаратты ашық жариялау;
  • "Алтын орда" базары мен Алматы қаласы және облысындағы заңсыз жер телімдеріне қатысты тергеуді бастау.

"Әділетті Қазақстан" қағидатын жүзеге асыру үшін бұл мәселелер қоғамға ашық әрі айқын түсіндіріліп, халыққа нақты пайдасын тигізуі тиіс", – деп түйіндеді депутат Ринат Зайыт.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #Ринат Зайыт #алтын орда #қайтарылған активтер #Сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);