AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Блогерлер 1,5 млрд теңге табыс тапқан: депутат заң...

Блогерлер 1,5 млрд теңге табыс тапқан: депутат заңсыз лотереяға тосқауыл қоюды талап етті

Саясат 24.09.2025, 17:10 979
Блогерлер 1,5 млрд теңге табыс тапқан: депутат заңсыз лотереяға тосқауыл қоюды талап етті
Aqshamnews.kz

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желілер арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырып, миллиардтаған қаржы жинаған псевдоблогерлердің әрекеттеріне тоқтау салуды сұрады. Ол депутаттық сауалын Мәжілісте премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.  

Депутаттың айтуынша, халықты алдап, заңсыз жолмен байлыққа жетіп жүрген блогерлердің әрекеті - қоғам үшін үлкен қатер. 2024 жылы заңсыз лотерея ұйымдастырған 101 адамға 41 млн теңге айыппұл салынса, 2025 жылдың басынан бері тағы 79 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 33,1 млн теңге айыппұл өндірілген.

Бейсенбаевтың айтуынша, кейбір инфлюенсерлер уақытша компаниялар құрып, пайдасыз видеокурстар сату деген сылтаумен заңсыз ұтыстар ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Олар халықты тарту үшін пәтер, автокөлік, смартфон, тіпті зәулім коттедждер тігеді. Мысалы, оқырмандары 3 миллионға жуық Дархан Жолшыбеков Instagram арқылы 300 миллион теңге тұратын үйге ұтыс ойнатып, шамамен 1,5 млрд теңге жинаған. Сондай-ақ, «supermamasita» аккаунтының иесі Әлия Байтуғаева бірнеше рет бағалы сыйлық ойнатып, 500 миллион теңге қаржы тапқан. Ал «Justking31» және «AminaXO» аккаунттарының иелері 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат жинаған.

Депутат жалған блогерлердің қулығын әшкерелей отырып, Астанада Ерболат Жанабыловтың ісі қаралып жатқанын да еске салды. Ол «оқу курстарын» сату арқылы 10 автокөлік пен өзге де сыйлықтарға ұтыс ұйымдастырып, 180 млн теңге тапқан.

Сонымен қатар, Бейсенбаев уәкілетті органдардың мұндай алаяқтардың нақты табысын есептей алмай отырғанын, соның салдарынан заңсыз жолмен алынған қаржыны тәркілеу мүмкін болмай жатқанын сынға алды.

Осыған байланысты депутат мынадай ұсыныстарын жеткізді:

  • қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кіріс көлемінің шегін төмендету,
  • заңсыз лотереядан түскен қаржы көлемін ашық жариялау,
  • онлайн-мектептердің қызметін барынша ашық ету,
  • сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің блогерлер табысы туралы мәліметті құзырлы министрлікке беруді міндеттеу.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #лотерея #заңсыз #депутат #тосқауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);