Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында Астанада өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Турнир 25-28 наурыз аралығында «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Комор аралдарына қарсы ойнайды, екінші кездесуде Кувейт немесе Намибия құрамасының жеңімпазымен кездеседі.