AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қызметтік иттер жыл басынан бері 150-ге жуық есірт...

Қызметтік иттер жыл басынан бері 150-ге жуық есірткі қылмысын әшкереледі

Заң мен тəртіп 24.09.2025, 17:30 578 dulatbekova
Қызметтік иттер жыл басынан бері 150-ге жуық есірткі қылмысын әшкереледі
Сурет: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бүгінде көлік полицейлері адал серіктері – қызметтік иттермен бірге еліміздің теміржол вокзалдарында, жолаушылар пойыздарында және әуежайларда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және қылмыстық қол сұғушылықтың жолын кесу бағытында қызмет атқарып келеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазіргі уақытта орталықта орыс спаниельдері мен лабрадорлардан бастап, неміс және бельгиялық овчаркаларға дейін әртүрлі тұқымдағы 33 қызметтік ит бар. Барлығы да арнайы дайындықтан өтіп, күнделікті қызметте есірткі құралдары мен жарылғыш заттарды анықтау секілді жауапты міндеттерді орындауға көмектеседі. Қызметтік иттердің ерекше иіс сезу қабілетінің арқасында адам байқамайтын жерлерден де тыйым салынған заттар табылып жатады. 2025 жылдың басынан бері кинологтар қызметтік иттерді 4 мыңнан астам рет қолданған. Соның нәтижесінде 150-ге жуық есірткі қылмысы әшкереленіп, 150 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Мәселен, салада тоғыз жыл қызмет етіп жүрген бельгиялық овчарка Шерлидің еңбегі ерекше. Оның көмегімен тәркіленген есірткінің жартысына жуығы табылды.

Солардың бірі – Алматы – Қостанай бағытындағы пойыз жолаушысынан 3 келіден астам гашишті анықтау оқиғасы. Сондай-ақ неміс овчаркасы Ирга да талай қырағылығымен танылды. Ол Қызылорда – Семей пойызында жолаушы сөмкесінен есірткі иісін сезіп, қожайынына белгі берген. Соның нәтижесінде күдіктіден 2 келі кептірілген қарасора алынды. Инспектор-кинолог Қуаныш Байпақбайдың айтуынша, қызметтік иттерді оқыту австриялық әдістеме – кликер тәсілі бойынша жүргізіледі. Бұл – шартты белгілер жүйесіне негізделген әдіс, мұнда басты белгі – шертпе дыбыс. Осы тәсілдің арқасында ит тыйым салынған затты тапқан кезде үрмей, өз жетекшісіне нақты белгі береді. Мәселен, Австриядан әкелінген овчарка Додди дәл осы әдіспен дайындалып, жарылғыш заттарды іздеуге бейімделген.

 Орталық бастығы Қанат Абдрахмановтың айтуынша, бір жасқа дейінгі күшіктер Алматы қаласындағы ҚР ІІМ кинологиялық орталығында бастапқы дайындықтан өтеді, содан кейін аймақтық бөліністерге жіберіледі. Орта есеппен қызметтік иттердің жұмыс кезеңі 8–10 жылға созылады. Осы уақыт ішінде олар полицейлер үшін тек сенімді серіктес қана емес, нағыз адал досына айналады. Қызметтік иттерді пайдалану – көлік полицейлері жұмысының ажырамас бөлігі. Кинологтар мен олардың төрт аяқты көмекшілерінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі және қылмыспен күрестегі еңбегі өлшеусіз екендігін тәжірибе айқын көрсетіп отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Есірткі қылмысы #кинология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);