Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Қайрат" - "Реал" матчіне немесе түсірілімге: Джек...

"Қайрат" - "Реал" матчіне немесе түсірілімге: Джеки Чанның Алматыға келгені рас па?

Барлығы 25.09.2025, 09:21 472
"Қайрат" - "Реал" матчіне немесе түсірілімге: Джеки Чанның Алматыға келгені рас па?
сурет: видео кадры

Алматыда әйгілі актер Джеки Чанның жүргені жайлы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

23 қыркүйекте түсірілген фото мен бейнежазбаларда Джеки Чанға ұқсайтын адам Алматы халықаралық әуежайында байқалған. Желі қолданушылары актерді Salem Entertainment компаниясының өкілдерімен бірге көріп қалғанын айтады. Содан бері оның келу себебі жайлы түрлі болжам жасалып жатыр. 

Ең кең тараған нұсқалардың бірі - Джеки Чан Қазақстанға жаңа фильмнің түсірілімі үшін келген болуы мүмкін. Кейбір пікірлерге сүйенсек, ол қазақстандық медиакомпания Salem Entertainment-пен ірі халықаралық жобада серіктес болуы ықтимал. Тағы бір нұсқа бойынша, актер алдағы уақытта өтетін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матчінің құрметті қонағы болуы мүмкін деген жорамалдар айтылып жатыр. 

Алайда әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми растау жоқ. Salem Entertainment компаниясы да, футбол клубтарының өкілдері де ешқандай пікір білдірмеді. Алматы әкімдігі мен мәдениет мекемелері тарапынан да ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Salem Entertainment компаниясының бас директоры Игорь Цай Қазақстанда халықаралық киножобалар жүзеге асырылып жатқанын, соның ішінде Джеки Чан және америкалық продюсерлермен бірлескен жұмыстар бар екенін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, компания жыл сайын ондаған сериал мен бірнеше толықметражды фильм түсіреді және шетелдік серіктестермен байланысын кеңейтіп жатыр. 

Дегенмен дәл қазір Джеки Чанның Алматыға келуінің нақты мақсаты белгісіз. Ақпаратты ешбір ресми дереккөз растамағандықтан, әлеуметтік желідегі болжамдар әзірге тек қауесет күйінде қалып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джеки Чан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Биыл ақылы жолдардан қанша қаржы жиналады?

Бүгін 16:40

Жолдар, жарықтандыру және үйлерді бұзу: Алматының Алатау ауданында не өзгереді

Бүгін 16:08

Бағынышты камера

Бүгін 16:04

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев: «2026 жылдың соңына қарай аудан 100% су және кәріз жүйесімен қамтылады»

Бүгін 15:24

Алматының Алатау ауданында жасыл-желекті аймақтар дамып, «Халық қатысатын бюджет» жобалары жүзеге асып жатыр

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика