Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Енді заңсыз фонограмма қолданғандар жауапкершілікк...

Енді заңсыз фонограмма қолданғандар жауапкершілікке тартылады

Мәдениет 25.09.2025, 11:08 459
Енді заңсыз фонограмма қолданғандар жауапкершілікке тартылады
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс мәдени іс-шараларда фонограмма қолдануға қатысты талаптарды күшейтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

24 қыркүйекте Мәжіліс мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау саласына қатысты заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжатта концерттер мен басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограмма қолдану ережелері қатаңдатылды.

Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Ринат Зайыттың айтуынша, жаңа талаптар фонограммаға толық тыйым салуды көздемейді, бірақ 200 адамнан көп сыйымдылығы бар іс-шараларды қамтиды. Арнайы дыбыс құрал-жабдықтары жоқ немесе бейімделмеген алаңдарда фонограмма қолдануға рұқсат етіледі.

"Басты мақсат - көрермен құқығын қорғау. Билетке 25–50 мың теңге төлеген адам шынайы өнерді көріп, әншінің кәсіби дайындығын бағалай алуы керек. "Аузын жыбырлатқан" әртіс тыңдауға жол берілмеуге тиіс", - деді Зайыт. 

Депутаттың айтуынша, заңсыз фонограмма пайдаланған жағдайда жауапкершілік іс-шара ұйымдастырушыларына жүктеледі. Бұл - концертке келісімшарт жасайтын, сахнаны жалдайтын және билет сататын тұлғалар. Қазіргі ұсынысқа сәйкес, айыппұл көлемі 1 000 айлық есептік көрсеткішке (шамамен 3,5 млн теңге) дейін жетуі мүмкін.

Жаңа нормалар мәдени іс-шаралардың сапасын арттыруды және көрерменнің ақшасына лайықты деңгейде өнер көрсетуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика