Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мегаполисте жалпыхалықтық референдумның қорытындыс...

Мегаполисте жалпыхалықтық референдумның қорытындысы талқыланды

Әлеумет 07.10.2024, 16:52 772
Мегаполисте жалпыхалықтық референдумның қорытындысы талқыланды
Қайрат Қонысбаев

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде университет ұжымы мен студенттер арасында сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараның мақсаты – атом электр станциясының (АЭС) қажеттігі, оның халыққа тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі, мамандарды дайындау ісі, энергия құрылысына қажетті жабдықтар, уран қоры және басқа да тиімді жақтары туралы пікір алмасу болды. Бұл туралы сала мамандары өз ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстанда АЭС салу туралы өткен референдумның алдын ала қорытындыларын талқылады. Жиналғандардың пікірінше, АЭС салу – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттырудағы маңызды қадам және елдің экономикалық дамуына серпін береді. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстан уран қоры бойынша әлемде алдыңғы орындарда тұр және бұл елімізге атом энергетикасын дамыту үшін үлкен артықшылық береді.


Атом саласының сарапшысы Бауыржан Ибраев АЭС құрылысының елге тигізетін экономикалық және әлеуметтік тиімділіктерін атап өтті:

«Атом электр станциясын салудан қорықпауымыз керек. Әлемде бар тәжірибені еліміз де қолданбақ. АЭС-ның арқасында елдімекендер дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Егер АЭС құрылысында 1 инженер жұмыс істесе, оның жанында 10 көмекші қажет болады. Демек, кадр тапшылығы болмайды деп ойлаймын. Энергетика саласында мамандар жеткілікті. Бұл – қауіпсіз жоба, экологиялық тұрғыдан да қауіпсіз. Ешқандай өзен-көлдер құрғатылмайды, сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Атом энергетикасы – көмір мен мұнайға қарағанда экологиялық таза энергия көзі, бұл Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясына сай келеді», – деді ол.

Ибраев АЭС салу кезінде технологиялық қауіпсіздік шараларының қатаң сақталатынын, жобадағы қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін де атап өтті.

«Біз әлемдегі ең озық технологияларды қолдану арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Бұл жоба арқылы еліміздегі энергетикалық тапшылықты шешіп қана қоймай, көрші елдерге де электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі туады. Болашақта бірнеше электр өндіретін орталықтар салу қажеттігі де байқалып отыр, өйткені еліміздің экономикасы мен халқының сұранысы артып келеді», – деді ол.

Кездесу барысында студенттер мен университет ұжымы АЭС құрылысы жөніндегі өз сұрақтарын қойып, саланың жетекші мамандары жауап берді. Сала мамандары Қазақстанда қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттары қамтамасыз етілетінін және құрылыс барысында халықаралық тәжірибе мен қатаң нормаларға сүйенетінін түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Талқылау #қорытындылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика