AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда исламдық ипотека бола ма?

Қазақстанда исламдық ипотека бола ма?

Әлеумет 06.12.2025, 16:19 373
Қазақстанда исламдық ипотека бола ма?
aikyn.kz

2025 жылы Қазақстанда исламдық ипотека беріле бастайды деп күтілген еді. Алайда бұл норма қазір парламент қарастырып жатқан «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасына енгізілмеген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

“Отбасы банк” басшысының айтуынша, соңғы екі аптада әлеуметтік желілерде арнайы челлендж жүріп жатыр. Онда азаматтар исламдық ипотеканы іске қосуды талап еткен. 

«Бұл – өте үлкен сұраныс. Халық, әсіресе жастар, діни қағидаларды ұстанады. Заң жобасы Мәжіліске енгізілген кезде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде исламдық қаржыландыру нормасы болған. Бірақ, өкінішке қарай, заң жобасы шыққан кезде ол норма жоғалып кетті. Біз енді Сенатқа жүгінуді жоспарлап отырмыз. Жұмыс тобына қатысып, осы мәселені қайта көтеруге болады ма деген ойдамыз», – деді Ибрагимова.

МЕМОРАНДУМ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАР

2024 жылдың желтоқсанында «Отбасы банк», Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы мен бизнес қауымдастығы исламдық қаржы индустриясын дамыту жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Сол кезде 2025 жылы исламдық ипотека іске қосылады деп жоспарланған еді. Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы исламдық қағидаларға сай баспана алудың жолдарын қарастыруды көздеген.

ИСЛАМДЫҚ ИПОТЕКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Исламдық ипотека – исламдық қаржы құқығының қағидаларына негізделген жүйе. Бұл жүйеде пайыздық үстеме ақы алуға қатаң тыйым салынады. Дәстүрлі банктік секторда ипотека несиеге пайыз қосумен беріледі. Ал исламдық қаржы жүйесінде пайыз заңсыз деп саналады, себебі ол әділдік пен адалдық қағидаларын бұзады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика