AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көлігіңіз түтіндесе қандай жаза күтіп тұр?

Көлігіңіз түтіндесе қандай жаза күтіп тұр?

Әлеумет 28.02.2024, 11:00 1,073
Көлігіңіз түтіндесе қандай жаза күтіп тұр?
Сурет: Shutterstock

Автокөлік зиянды заттардың шығарылу шегінен асып кетсе, көлік иесін қандай жаза күтіп тұр? Бұл туралы Tengri Auto тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сауал жолдаған.


Қазақстан заңнамасына сәйкес автокөлік иелері атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары бойынша белгіленген нормаларды сақтауға міндетті.


Бүгінгі күні шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері, сондай-ақ оталдырған кезінде шығаратын шу деңгейі белгіленген нормативтерден асатын автокөліктердің иесіне ескерту жасалады немесе айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен айыппұл көлемі қандай?



  • жеке тұлғаларға 10 АЕК немесе 36 920 теңге;

  • заңды тұлғаларға 100 АЕК немесе 369 200 теңге.


Жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бұзғаны үшiн айыппұл салынады:



  • жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК 73 840 теңге;

  • заңды тұлғалар үшін – 200 АЕК немесе 738 400 теңге.


Шығарындылар шегінен асып кетсе, нөмірді алып қоюға бола ма?


«ӘҚБтК-нің 797-бабы 1-бөлігінің 3 тармақшасында субъектінің әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы кодекстiң 334-бабында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы. Сонымен бірге, заң жобасы аясында аталған шараны заң бұзушылықтар бастапқы анықталған жағдайда қолдану ұсынылады, өйткені қазіргі уақытта заң бойынша мұндай көліктерді пайдалануға тыйым салынған», - деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.


Алайда, Ішкі істер министрлігі бұл бастаманы қолдамады. Өйткені көлікті жүргізу үшін жүргізуші көлікті жөндеп, көліктің қалыпты жағдайын сақтауы керек. Сәйкес келмеген және қайталап анықтаған жағдайда мемлекеттік нөмір тәркіленеді.


Естеріңізге сала кетейік, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО 018/2011 Техникалық регламентіне сәйкес бензинді автомобильдерді тексеру кезінде газ анализаторларының көрсеткіштері келесі CO стандарттарынан аспауы керек:




*nmin (ең аз айналымдар) – 1100 айн/мин, M1 және N1 санатындағы автомобильдер үшін, 900 айн/мин – басқа санаттағы автомобильдер үшін;


* npov (жылдамдықты арттыру) - 2000–3500 айн/мин дейін, M1 және N1 санатындағы автомобильдер үшін, 2000–2800 айн/мин – басқа санаттағы автомобильдер үшін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #түтін #газ шығарындылары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика