Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / FlyArystan кардиология саласындағы медициналық біл...

FlyArystan кардиология саласындағы медициналық білім беру бағдарламаларын қолдауды жалғастыруда

Барлығы 22.10.2025, 17:23 442
FlyArystan кардиология саласындағы медициналық білім беру бағдарламаларын қолдауды жалғастыруда
Сурет: FlyArystan баспасөз қызметі: pr@flyarystan.com

FlyArystan әуе компаниясы Heart Center Foundation қоғамдық қорымен серіктестікті кеңейтіп, өңірлердегі дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ туа біткен жүрек ақауы бар (ТЖА) науқастарды қолдауға бағытталған білім беру бастамалары аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруда.

Бүгін Алматы қаласында UMC (University Medical Center) Жүрек орталығы мамандарының қатысуымен «Пациенттер мектебі» жобасы шеңберіндегі кезекті көшпелі оқыту сессиясы өтті. FlyArystan әуекомпаниясы Астанадан балалар кардиологтары мен кардиохирургтарының ұшуын қамтамасыз етіп, дәрігерлер мен ТЖА-мен ауыратын балалардың ата-аналарына арналған бірқатар дәрістер мен практикалық шеберлік сабақтарының өтуіне қолдау көрсетті. Бұл шара ата-аналарға жетекші хирургтармен жеке кездесіп, консультация алу мүмкіндігін ұсынды.

Ричард Леджер, FlyArystan АҚ президенті:

«Heart Center Foundation қорымен серіктестік 2024 жылдың күзінде бастау алып, біздің ұзақ мерзімді әлеуметтік стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналды. Біз бұл ынтымақтастықты бір реттік бастама ретінде емес, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына нақты әсер ете алатын тұрақты бағыт ретінде қарастырамыз. Өткен жылы FlyArystan Қостанай, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларында дәрігерлерге арналған оқыту сессияларын өткізуге қолдау көрсетті. Осылайша серіктестерге тәжірибе алмасу мен жүрек-қантамыр ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу алаңын құруға мүмкіндік берді. Өңірлер мен адамдарды байланыстыратын әуекомпания ретінде біз қоғамның дамуына өз үлесімізді қосуға және алға бірге қадам басуға ұмтыламыз».

Практикалық шеберлік сабағы барысында UMC Жүрек орталығының мамандары жүрек ырғағының ауытқулары мен ауыр деңгейдегі жүрек ақаулары бар балаларды тексеріп, қорытындылар жасап, нәтижелерді талдау кезіндегі күрделіліктерді түсіндірді. Балалар кардиологы Айкерім Жанатқызы жүктілік кезіндегі тексерулердің маңыздылығына тоқталса, Татьяна Иванова-Разумова – туа біткен жүрек ақауы бар балаларға ата-аналық күтім көрсету ерекшеліктері туралы баяндады.

Мұрат Зауыров, Heart Center Foundation қорының директоры:

«Ақтауда өткен “Пациент мектебі” жобасының нәтижелері мұндай білім беру бастамаларының ата-аналар мен медициналық қауымдастық үшін қаншалықты маңызды және қажет екенін көрсетті. Мұндай кездесулер аурудың ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектесіп, уақтылы көмекке жүгінуге ынталандырады. Біздің міндетіміз – дәрігерлер мен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, маңызды медициналық ақпаратты барынша қолжетімді ету. Біз бұл бағыттағы жобаларды жалғастыруға мүдделіміз және FlyArystan компаниясын – әр өңірдегі дәрігерлер мен пациенттер үшін білім беру бастамаларының қолжетімді болуына ықпал ететін сенімді серіктес ретінде көреміз».

2025 жылдың қазан айында экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару салаларындағы стратегиялық мақсаттарға жетуге үлес қосқан Air Astana тобының серіктестерін марапаттайтын ESG Awards салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылы 11 компания лауреат атанды. Олардың қатарында өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін Heart Center Foundation қоры да марапатталды.

 

FlyArystan туралы:

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз эксплуатант сертификатын алып, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен рейстер орындайды. FlyArystan кең ауқымды маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

Heart Center Foundation туралы:

Heart Center Foundation қоғамдық қоры – денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыратын Қазақстандағы алғашқы эндаумент-қор. Қордың миссиясы – ғылымды, білім мен ағартуды біріктіре отырып, Қазақстанда кардиохирургиялық және кардиологиялық қызметті дамытуға ықпал ету. Қордың құрылтайшыларының бірі – University Medical Center басқарма төрағасы, дәрігер кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Юрий Владимирович Пя.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #FlyArystan #кардиология саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика