Жаңа жолдардан цифрлық бағыттарға дейін: Президент Жолдауы аясында еліміздегі көлік жүйесі қалай өзгеруде
Кейінгі үш жылда еліміздің көлік-логистика жүйесі сапалы жаңа даму деңгейіне көтеріліп, өңірлердің өзара байланысын нығайтуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және халықтың мобильділігін жақсартуға берік негіз қалыптасты. Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлік көлік байланысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында автомобиль