AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Бүгінгі күннің батырлары

Бүгінгі күннің батырлары

Барлығы 22.10.2025, 19:16 484
Бүгінгі күннің батырлары
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Құтқарушы болу – бейбіт замандағы ең беделді әрі жауапты жұмыстардың бірі. Елімізде адам өмірін құтқарамын деп өз өмірін бәйгеге тігетін бұл батырлардың ерлігі мен ерен еңбегі ескерусіз емес.

Құтқарушылар күніне орай Ақордада Мемлекет басшысы біршама құтқарушыларды арнайы марапаттады. Олардың қатарында – Алматы құтқару қызметінің құтқарушылары – Серік Жаңғақов пен Амиран Ахмедов бар. Екеуі де «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Бірінші санаттағы құтқарушы, үшінші разрядтағы альпинист Амиран Ахмедовтың бұл мамандықты таңдағанына 15 жылдан асқан. Ол 2009 жылы волонтер ретінде тәжірибеден өтіп, 2010 жылы ресми жұмысқа қабылданған. Сол уақыттан бері ол талай адамның өмірін сақтап қалуға себепші болды. Құтқарушы жарақат алған адамды арқалап жүріп, қауіпсіз жерге түсірген кездерді де болған.

- Бір күні Үлкен Алматы көліне бара жатқан қыз жолдан жаңылып, тасты тау беткейіне шығып кетті. Сонда жүріп ол аяғын сындырып алды. Оқиға орнына барған кезде оны таудан көлік не басқа тәсілмен жолға дейін түсіріп алу мүмкін болмады. Сондықтан әріптестерімізбен кезектесіп, арқамызға салып, оны жедел жәрдем көлігіне дейін жеткіздік, – деді Амиран Ахмедов.

Оның айтуынша, қиындықта қалған адамдарды құтқарамын деп жүріп, өздерінің де өміріне аса қауіп төнетін кездер болады. Құтқарушы сондай сәттердің бірін есіне алды:

- 2016 жылы Польшадан келген турист өз бетінше тауға шығып, ауа райының бұзылуына байланысты қайтар жолды таба алмай қалған. Біз 30 адам болып оны іздеуге кірістік. Сөйтіп жүргенде өзіміз боранға қалып қойдық. Тұман, жел, қар мен ауа райының тым суық болуына байланысты жұмысты жалғастыру мүмкін болмады. Тікұшақтың да келе алмады. Біз жерді 2 метрге қазып, соның ішінде отырдық. Қар мен жел басылған соң, іздестіру жұмыстарын жалғастырдық, ол 2 күндей жүрді. Өкінішке қарай, шетел азаматын құтқару мүмкін болмады. Оның денесін таудан түсіріп, туыстарына тапсырдық. Осы оқиға кезінде таудың қандай екенін түсіндім. Онда ауа райы бір сәтте өзгеріп кетеді, – деді құтқарушы.

Амиран Ахмедов Президент қолынан алған марапат бұл тек қана жеке жетістігі емес, жалпы құтқарушыларға көрсетілген құрмет деп түсінетінін атап өтті. Бұл пікірді «Ерлігі үшін» медалін алған Серік Жаңғақов та құптайды. Осы салада жүргеніне 15 жылдан асқан тәжірибелі маман ең жоғары деңгейде марапат алу – құтқарушылар ұжымы үшін ортақ қуаныш екенін айтты: «Әріптестерім үшін қуаныштымын. Жұмысымызды елеп-ескеріп, жоғары деңгейде бағалап жатқанына алғыс айтамыз».

Сонымен қатар Алматы құтқару қызметінің бірінші санаттағы құтқарушысы бір жұмыс күні қалай өтетінін түсіндірді.

- Бізде таңғы сағат 8:00-де ауысым басталады. Бір тәулік жұмыс істеп 3 күн демаламыз. Бірақ 1күн демалғаннан кейін дайын жүруің керек. Себебі төтенше жағдайларда қосымша күш қажет болуы мүмкін. Ал жаңа ауысымға түскен соң, алдымен медициналық тексерістен өтіп, қауіпсіздік ережелерімен танысамыз. Кейін жеке жабдықтарымызды және техниканы тексереміз. Біз альпинист құтқарушылар таудағы бақылау-құтқару пунктеріне барып, қажет болған жағдайда жылдам әрекет етуге дайын отырамыз, – деді ол.

Серік Жаңғақовтың айтуынша, қазір Алматы тауларында құтқару-іздестіру жұмыстары өте жиі жүреді. Себебі адамдар арнайы дайындықсыз, өзкүштерін шынайы бағаламай тауға шығады.

- Кейінгі кезде жұмысымыз арта түсті. Бір тәулікте 3-4 шақыртуға баратын кездер болады. Оның себебі, менің байқағаным бойынша, адамдар әлеуметтік желіден әдемі бейнежазбаларды көріп, тауға шығу оңай деп ойлайды. Сөйтіп жеңіл киіммен шығып кетеді. Азық-түлік, су, жылы киім өзімен бірге алмайды. Екіншіден, маршрутты дұрыс білмейді. Одан бөлек қайда бара жатқанын ешкімге айтпайды. Мұндай қателіктер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Тауда тез күн қатып, ауа райы жылдам өзгереді. Адамдар оны да ескермейді. Сондықтан біз түнгі уақытта жиі жұмыс істейміз, – деді құтқарушы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құтқарушылар #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика