Израиль Қатар астанасындағы ХАМАС штабына соққы жасады

  • 09:42, 10 қыркүйек 2025
Израиль Қатар астанасындағы ХАМАС штабына соққы жасады сурет: x.com/ayshaahmeds

Израиль әскері Қатар астанасы Дохада орналасқан ХАМАС ұйымының болжамды штабына соққы жасады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Minval.az-қа сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сүйенсек, ұйымның жоғары басшылығындағы бірнеше шенеунік қаза тапқан. Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, олардың арасында топ-менеджерлері де бар. Журналист Амит Сегалдың дерегінше, қаза тапқандар АҚШ-пен келіссөз жүргізген делегация мүшелері болған.

Әуе соққылары Израиль ӘӘК ұшақтарымен жасалған. Ал Израиль армиясы (ЦАХАЛ) Telegram-арнасында шабуылды растады. 

Мәлімдемеде нысанаға ХАМАС-тың 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасалған шабуылға қатысы бар басшылары алынғаны айтылды. Сондай-ақ, бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу үшін жоғары дәлдіктегі қару қолданылып, қосымша барлау деректері пайдаланылғаны атап өтілді.

Қатар билігі бұл әуе соққысын қатаң айыптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:28

12:15

12:01

11:46

11:31

11:26

11:14

10:58

10:43

10:27

10:13

10:02

09:56

09:35

09:23

09:12

09:01

08:51

08:39

08:28

17:49

17:16

16:48

16:11

15:34