AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ливерпульдегі әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы...

Ливерпульдегі әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың қарқыны қандай?

Спорт 10.09.2025, 09:31 683 Дина
Ливерпульдегі әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың қарқыны қандай?
сурет: іnstagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылар Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сенімді өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Санжар Тәшкенбайдың жеңісі

50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Иордания өкілі Хутхайфа Эшишемен қолғап түйістірді. Қиын өткен жекпе-жекте ол төрешілердің бөлек шешімімен – 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Тәшкенбай Үндістан боксшысы Жадуман Манденгбаммен кездеседі.
Айта кетейік, ол – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Ертуған Зейнуллинов сенімді өнер көрсетті

65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов Англия өкілі Патрис Мугалзамен жұдырықтасты. Алғашқы раунд ринг иесінің пайдасына шешілгенімен (4:1), екінші раундта басымдық қазақстандық боксшыға өтті (4:1).

Шешуші үшінші раундта Зейнуллинов айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен алға шықты. Нәтижесінде ол төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті – 4:0.
Ертуған енді финляндиялық Исмаил Умар мен өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен кездеседі.

Нұрбек Оралбай да ширек финалда

80 келіге дейінгі салмақта Лондонда өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай да 1/8 финалда жеңіске жетті. Ол Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханды бір ауыздан төрешілер шешімімен тізе бүктірді.

Бірінші және екінші раундта Оралбай айқын басым болды (5:0), ал соңғы раундта қытайлық боксшының пайдасына бір ұпай тіркелді (4:1).
10 қыркүйекте ол жастар арасындағы әлем чемпионы, өзбек боксшысы Джавохир Умматалиевпен кездеседі.

Назым Қызайбайдың айқын жеңісі

Әйелдер арасында Қазақстан атынан сынға түскен 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) Назым Қызайбай да қарсыласын ойсырата жеңді.
48 келіге дейінгі салмақта ол Венгрия өкілі Лила Зелецкиді техникалық нокаутпен ұтты. Екінші раундта қарсыласы нокдаунға түссе, үшінші раундта екі рет есеп ашылды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Ширек финалда Қызайбай Украина боксшысы Анна Охотамен немесе Сингапур өкілі Маниша Матиалағанмен күш сынасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #Әлем чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика