AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жамбыл облысындағы зауытта екі жұмысшы қаза тапты

Жамбыл облысындағы зауытта екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға 02.02.2026, 08:51 852
Жамбыл облысындағы зауытта екі жұмысшы қаза тапты
сурет: kpp.kz

Жамбыл облысында «Казфосфат» ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындарда аз уақыт ішінде екі ауыр өндірістік оқиға тіркеліп, соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алғашқы оқиға 29 қаңтарда Новоджамбул фосфор зауытында болған. Цех №5 аумағында технологиялық жұмыстар кезінде пештен ыстық шлак атқылап, үш жұмысшы күйік шалған. Зардап шеккендердің бірі – 1994 жылы туған оператор денесінің 45%-ын қамтыған ауыр термохимиялық күйік алып, жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, бірнеше күннен кейін көз жұмды. Ал 1983 және 2003 жылы туған екі қызметкер күйік бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Бұдан кейін «Казфосфатқа» қарасты минералды тыңайтқыштар зауытында да қайғылы жағдай болды. Кәсіпорын аумағында жүк көлігінің жүргізушісі БелАЗ жүк көлігінің астында қалып, оқиға орнында қаза тапқан. Алдын ала дерек бойынша, 1992 жылы туған жүргізуші көліктің бортына жүк байлау кезінде артқа қозғалған ауыр техниканың астында қалған.

Кәсіпорын әзірге оқиғаларға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қатарынан болған бұл жағдайлар өндірістегі еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мәселесін қайта көтерді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зауыт #өлім #қайғылы жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);