AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мәслихаты Түрксіб ауданы әкімі қызметіне Да...

Алматы мәслихаты Түрксіб ауданы әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын қолдады

Барлығы 02.02.2026, 11:26 870
Алматы мәслихаты Түрксіб ауданы әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын қолдады
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы мәслихатының сессиясында кадрлық мәселе қаралды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімі Түрксіб ауданының әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын ұсынды. Бұған дейін ол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталды.

«Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар», – деді қала басшысы.

Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады.

Дамир Әкежанов 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы, ал 2008 жылы «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы сыртқы экономикалық байланыстар саласында бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдарында, соның ішінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестиция мәселесіне жетекшілік ететін департаменттер мен басқармаларда, сондай-ақ аудан әкімдерінің аппараттарында жұмыс істеген. Басшылық қызметтер атқарып, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімдігі #Түркісіб ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Бүгін 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Бүгін 19:47

Алматыда Қазақстан–Қытай прототиптеу орталығы ашылды

Бүгін 19:42

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Бүгін 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);