AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі қаланы дамыту басымдықтарын айқындады

Алматы әкімі қаланы дамыту басымдықтарын айқындады

Барлығы 02.02.2026, 10:43 734
Алматы әкімі қаланы дамыту басымдықтарын айқындады
сурет: Алматы әкімдігінен
Алматы мәслихатының сессиясында қала әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғаны туралы депутаттарға айтты. Кездесу барысында Алматының одан әрі дамуына қатысты нақты тапсырма берілгеніне тоқталды. Сондай-ақ, Президентке қаланың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы баяндалып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Басым бағыттардың қатарында экономиканы әртараптандыру, экологиялық ахуалды жақсарту, тұрақты көлік және туристік инфрақұрылымды дамыту, жайлы қалалық орта қалыптастыру және тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру бар.

Алматы әкімі қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстары депутаттық корпуспен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүргізілетінін атап өтті.

Сессия барысында елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мәселесіне де баса назар аударылды.
 
«Ұсынылып отырған Конституция жобасы Қазақстанның заманауи келбетін айқындайды, халық билігін нығайтады, құқық пен бостандықты қорғау тетіктерін жетілдіреді, сондай-ақ ашық әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қамтамасыз ететін жаңа институттардың негізін қалайды», — деді Дархан Сатыбалды.
 
Ол конституциялық реформаларды қолдау - елдің болашағы мен келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап, депутаттарды халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік #Алматы #Дархат Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Бүгін 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Бүгін 19:47

Алматыда Қазақстан–Қытай прототиптеу орталығы ашылды

Бүгін 19:42

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Бүгін 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);