AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру қ...

Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру қалай жүзеге асырылады?

Әлеумет 05.09.2024, 15:57 3,267
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру қалай жүзеге асырылады?
almaty-akshamy.kz
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекет есебінен қаржыландыру әдісі өзгеретін болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігі бұл бағытта қолдау шараларын пысықтап жатыр. Сонымен қатар қаражатты бірден бөбекжайларға емес, әр баланың дербес шотына аудару бойынша пилоттық жоба енгізілді.

Елде 11 600-ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның жартысынан көбі – жеке мекемелер. Әкімшілік аумақ пен экологиялық жағдайға қарай бөбекжайларға мемлекет есебінен әр бала үшін 53 мыңнан 62 мың теңгеге дейін аударылады. Ал ата-аналар өңір әкімдері бекіткен әлеуметтік азық-түлік жиынтығының ақысын төлеп жүр. Бұдан былай мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру тетігі түбегейлі өзгереді. Президент Жолдауында жүктелген жаңа міндеттердің бірі – осы.

"Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балалары тегін тамақпен қамтылған. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 97 мыңнан астам осындай бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Енді осының жалғасы ретінде әрі қарай көмек қажет ететін отбасылар мемлекеттен көбірек қолдау көретіндей механизммен қайта қарастыру ұсынылған. Сондықтан қазір осы жұмыстар басталып та кетті", - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.

Сондай-ақ Тараз қаласында дербестендірілген қаржыландыру әдісі сыналып жатыр. Пилоттық жоба бойынша мемлекет есебінен берілетін төлем бөбекжайларға емес, әр баланың шотына аударылады.

"Әр баланың ата-анасының балабақшаны таңдау мүмкіндігінің болуы, біріншіден. Екінші – қаражатты баланың есепшотына аудару. Яғни ата-ана екінші деңгейлі банктен есепшот ашады. Сол жерден баланың атына қаражат түседі. Ол қаражатты ешкім пайдалана алмайды, ешқайда жұмсай алмайды. Тек қана таңдаған балабақшаға аудару мүмкін. Яғни мақсатты түрде жұмсалады", - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры.

Пилоттық жоба жыл соңына дейін Шымкент, Түркістан қалаларында да енгізіледі. Оң нәтиже берсе, ел бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #қаржы #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Яндекс Go сервисінен ақау шықты

Бүгін 12:20

Бүгін елімізде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

Бүгін 12:06

Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 10:02

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Кеше 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Кеше 16:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);