Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Екі аяғың тең болсын!

Екі аяғың тең болсын!

Медицина 05.09.2024, 13:03 1,558
Екі аяғың тең болсын!
aqshamnews.kz
 

Алматылық дәрігерлер өмір бойы туабітті жамбас кемістігінің зардабын тартып келген жас келіншекке бірегей ота жасады.

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жамбастың туабітті ақауының салдарынан мүгедек атанған 28 жастағы келіншекке күрделі ота жасап, оның көп жылдар бойы жанын ауыртқан аурудан арылуына мүмкіндік берді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Науқас туабітті дисплазия, жамбас буынының дамымауы және жамбастың жоғарғы жағының шығып кетуі сияқты диагноздармен өмір сүрген. Осы кемістіктердің нәтижесінде оның бір аяғы екіншісінен 10 см қысқа болып, өмір бойы аяғын сылтып басқан. Соңғы жылдары науқастың тізе буындары, жіліншігі ауырып, аяқтары қозғалу қабілетін жоғалта бастаған. Сонымен қатар, жамбасы қисайып, белінде ауырсыну пайда болған.

Жетінші аурухананың травматолог-ортопед дәрігерлері консилиум өткізіп, ота жасау туралы шешім қабылдады.

«Біз сүйек осін реттеу үшін остеотомия әдісін қолдандық. Пациенттің аяғын созып, заманауи шетелдік эндопротез орнатылды. 28 жыл бойы осы кемістікпен өмір сүрген науқас операциядан кейінгі екінші күні-ақ аяғына тұрып, арнайы құрылғының көмегімен жүре бастады. Пациенттердің өмірге құлшынысы артып, көңіл-күйі жақсарғанын көру біз үшін үлкен қуаныш», - деді Полижарақат бөлімшесінің меңгерушісі Рамазан Аскеров.

Дәрігердің айтуынша, бұл өте күрделі операция болды. Операция барысында буын мен жүйке жүйесінің зақымдану қаупі болған, сондай-ақ аяқты созу кезінде құйымшақ нервтерінің қысылу және буындардың үзілу қаупі де туындаған. Мұндай жоғары дәлдікті талап ететін күрделі хирургиялық операциялар сирек жасалады, дейді маман.

Барлығы 5 сағатқа созылған бірегей ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #дисплазия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Кеше 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика